187
Болыс сөзінің сіңіскендігі сонша, одан
болыстық, болы-
стас тәрізді туынды түбірлер де жасалып қолданыла бастаған:
...Қызметке,
болыстық билікке таластық (II, 159).
Болыс сөзі
территориялық-әкімшілік единица –
волость дегеннің де,
волостное управление дегеннің де,
волостной управитель
дегеннің де мағынасын берген. Сондықтан «Кісісін бір
болыстың біреу сабап» (Біржан, 185) дегендегі
болыс сөзі –
территориялық-әкімшілік бөліністің атауы. «Үш жылға
болыс
сайланады» (II, 160) дегендегі
болыс – лауазым аты.
Болыс пен
старшина лауазымдарына (әкімшілік инстан-
циясына) қатысты өткен ғасырда активтенген сөздердің
қатарына
сайлау, шар, тас, атшабар, поштабай, бесір, хат-
шы сөздері жатады.
Сайлау, сайлану сөздері бұрын «іріктеліп,
өзгелерден бөлініп шығу» деген ұғымды білдіретін қимыл
атауы (етістік) ғана болса (салыстыр:
Сайланып шыға қапсыз
тобыңызбен – «Қыз Жібек»), енді процесс, акт атауына ай-
налып, терминделеді. Бұл термин осы күнге дейін жетіп, сол
мағынасында қолданылып отыр. Сайлау актісіне байланы-
сты
орынға сайлану, үш жылға сайлану тәрізді фразалар пай-
да болады (II, 165, 160).
Тас, шар сөздері – дублет, екеуінің
қолданылуы бірдей:
тасқа салу ~ шарға салу – баллотировать,
тасқа түсу ~ шарға түсу – баллотироваться,
тас салу ~ шар
салу – баллотировка,
сайлаудың тасы – балл.
Тас, шар сөздері
– сайлау ритуалында қолданылатын нәрсенің (шардың) атынан
алынған атаулар.
Поштабай (Майлықожада:
поштасы) сөзі
мен
атшабар, шабарман сөздері де – дублеттер. Болыстың
елмен немесе басқа да әкімшілік орындарымен жүргізетін
әмір-жарлық, хат-хабар т.б. таситын «вестовой», шабарман
қызметіндегі адам. Ол да – өзінше «әкім».
Поштабай-ды
орысша «почтовой»-дан алынған деп жүрміз. Ал бұл сөзден
гөрі қазақ әдеби тілінде осы «лауазымда»
шабарман, атша-
Достарыңызбен бөлісу: