Екінші минералдардың түзілуі. Сонымен жоғарғы
сипатталған алғашқы минералдардың көп жылдар бойы әрі
қарай үгілулерінің нәтижесінде майда ұнтақталған, яғни екінші
минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды үгуші
агенттер: су, оттегі, көмір қышқылы, әр түрлі органикалық
қосылыстар. Олардың минералдарға әсерлері негізінен төменгі
құбылыстар арқылы жүзеге асады.
Гидротациялану (сулану) - сусыз минералға су
молекуласының қосылуы. Бұл құбылыс тотықты алғашқы
минералдардың сумен қосылып, үгілудің нәтижесінде екінші
минералдарға айналады. Мысалы:
гетит - Fe
2
O
3
+H
2
O=2FeO(OH)
гидрогетит - 2FeO(OH)+H
2
O=Fe
2
O(OH)
2
лимонит - Fe
2
(OH)
2
+nH
2
O=2Fe(OH)
3
nH
2
O
Тотығу. Үгілу кезінде алғашқы минералдар ішіндегі
тотықпаған минералдар тотығады. Ондай минерал жоғарыда
сипатталған темір сульфиді.
2FeS
2
+7O
2
+2H
2
O=2FeSO
4
-H
2
SO
4
одан
әрі
FeSO
4
+O
2
-
H
2
O=Fe(OH)
3
-H
2
SO
4
,
одан
әрі
H
2
SO
4
+CaAl
2
Sі
2
O
8
+4H
2
O=H
2
Al
2
SіO
8
2H
2
O+CaSO
4
-2H
2
O,
яғни бөлінген күкірт қышқылы алғашқы минералмен реакцияға
түсіп, ондағы негіздің орнына сутегі ионы барып, екінші
минерал - каолин балшығын түзеді. Күкірт қышқылы басқа
силикаттармен реакцияларға араласқанда тағы да басқа екінші
минералдар, күкірт қышқылы тұздары түзіледі. Ол жағдайлар
одан ары реакцияларға жол ашады.