Жамалбеков Е.Ү


Гумус құрамындағы ерекше органикалық заттар



Pdf көрінісі
бет23/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Гумус құрамындағы ерекше органикалық заттар. 
Гумус заттары негізінен гумус қышқылдарынан тұрады. 
Олардың құрамына гумин қышқылдары, фульво қышқылдары 
және гумин кіреді. Бұл топтарға бөліну себебі, гумус 
қышқылдарының топырақтан алыну жолдарына байланысты. 
Гумус қышқылдары - ауыспалы ерекше құрамдар. 
Гумин қышқылдары - сілтілерде жақсы еритін гумус 
қышқылдарының бір тобы. Олар суда аз ериді, қышқылдарда 
ерімейді. 
Топырақтың 
минералды 
бөлігіндегі 
кал ьций 
катионының әсерінен коагуляцияға ұшырап, шөгінді кальций 
гуматы күйінде топырақта орнығады. Гумин қышқылдарының 
молекулалық 
құрамы 
өте 
күрделі. 
Ядросында 
бензолполикарбонды 
қышқылдар, 
ароматикалық, 
гетероциклдық 
бензолдың 
сақиналары 
т.б., 
ал 
шеткі 
молекулаларына 
көптеген 
функционалдық 
топтар 
(карбоксильді, метоксильді, карбонильді т.б.) кіреді. Гумин 
қышқылдарының көп қасиеттері осы функционалдық топтарға 
байланысты. Гумин қышқылдарының құрамын ароматикалық 
құрылымдар (50-60%), көмірсутектер (25-30%), функционалдық 
топтар (10-25%) құрайды. 
Фульвоқышқылдар - гумус қышқылдарының гумин 
қышқылдары тұнғаннан кейін ерітінділерде қалатын тобы. 
Бұлар да жоғары молекулалық құрамында азоты бар 
құрылымдар. 
Бірақ 
гумин 
қышқылдарынан 
біраз 
айырмашылықтары бар. Фульвоқышқылдарының түсі ашық, 
көміртегі мөлшері төмен, суда ериді әрі қозғалғыш келеді. 
Сондықтан 
топырақтың 
органикалық 
және 
минералдық 
қосылыстарын ерітіп, ондағы катиондармен қосылып, фульват 
тұздарын құрайды да, сумен топырақ қабаттарында төмен қарай 


43 
шайылады. Тайгадағы күлгін топырақты, құрғақ даладағы 
кейбір топырақтың қалыптасуына бұл қышқыл шешуші фактор 
болып 
табылады. 
Далалық 
қаратопырақтарда 
гумин 
қышқылдары басым, сондықтан оның химиялық құрамы 
тұрақты және құнарлылығы жоғары. Гумин қышқылдары мен 
фульво қышқылдары молекулярлық салмағы бойынша бірнеше 
фракцияларға бөлінеді. 
Гумус қышқылдарының көп бөлігін гумин құрайды. Бұл 
минералды 
бөлікпен 
тығыз 
байланысып, 
сілтілермен 
гидролизденбейтін қышқылдардың қалдығы. Құрамында гумин 
қышқылдары және фульвоқышқылдары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет