45
Жер асты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ
түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су
өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жер асты ыза суы көбіне
топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа
және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей
жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде
жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен
сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ
астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге,
өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда
көбінесе шалғынды топырақтар түзіледі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз
керек. Оның құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар
топырақ ерітінділері. Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек
осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да
топырақ суы - оның құнарлылығының негізгі шарттарының бірі.
Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін
маңызын айта келіп, оны адамдардың тамырларындағы қанымен
салыстырған (Высоцкий Г.Н., 1962)
Достарыңызбен бөлісу: