немесе көшіруге тыйым салуға құқығы бар. Мысалы, А
телеарнасы белгілі
бір спорттық іс-шараны таратуға құқылы.Б телеарнасы А арнасының
рұқсатынсыз А арнасының іс-шарасының трансляциясын эфирге қайта
беруге құқылы емес және ешқандай басқа тұлға А арнасының іс-шарасының
трансляциясын жазуға және жаңғыртуға құқылы емес. (Кейбір
елдерде
тұтынушы жеке коммерциялық емес пайдалану үшін бір данада жазба
жасауға құқылы.) ЗМҚСАК жөніндегі келісім бұл құқықтарды қорғаудың 20
жылдық мерзімін көздейді,
алайда кейбір елдер, оның ішінде ҚХР, қорғау
мерзімін 50 жылға дейін ұзартты.
62. Туындыны қорғаудың қолданылу мерзімі қандай?
Автордың мүліктік құқықтары шектеулі
мерзім ішінде қолданылады,
бұл ретте әртүрлі елдердің ұлттық нормалары әртүрлі қорғау мерзімдерін
көздейді. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы келісімшарттар
туындылардың көптеген түрлері үшін қорғаудың
ең төменгі мерзімін
көздейді, алайда елдер ұзақ мерзімдерді белгілей алады. Берн конвенциясы
мен ЗМҚСАК бойынша келісімге сәйкес авторлық құқық автордың өмірі мен
қайтыс болғаннан кейін 50 жыл бойы қорғалады. Еуропа мен АҚШ-да қорғау
мерзімі автордың өмірінің соңына дейін және 70 жылға дейін созылады.
Берн конвенциясында көзделген фотографиялық туындылар мен қолданбалы
өнер туындыларын қорғаудың ең аз мерзімі туындыны дайындаған күннен
бастап 25 жылды құрайды. Берн конвенциясына сәйкес авторға берілетін
жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау мерзімі, мүліктік құқықтарды қорғау
мерзіміне кем дегенде тең болу тиіс. ЗМҚСАК
бойынша келісім автордың
жеке мүліктік емес құқықтарын міндетті түрде қорғауды талап
етпейді.Кейбір елдерде жеке мүліктік емес құқықтар мәңгі қолданылады
және қорғау мерзімі туралы
нормалар жоқ, өйткені ол шектелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: