Үдеріске қолданылатын катализатордың табиғатына байланысты каталитикалық риформинг келесі түрге бөлінеді: 1. Металл оксидтері негізіндегі катализатор қатысындағы үдеріс – гидроформинг. Үдерістің
катализаторлары молибден, хром, кобальт оксидтері, температурасы 480-5400С, сутек қысымы 1-2 МПа.
Платина катализаторына қарағанда оксидті катализаторлардың активтілігі төмен болғандықтан, бұл үдеріс
қазіргі уақытта қолданылмайды.
2. Құрамында платина бар катализатор қатысындағы үдеріс – платформинг. Платформинг үдерісі 470-5400С
температурада жəне 2-4 МПа қысымда құрамында сутек бар газ ортада жүргізіледі.
12. Судың өнеркәсіпте дайындалып қолданылуын сипттаңыыз. Сапалық көрсеткіштерін жіктеп, анықтама беріңіз. Судың кермектігі, кермектік түрлері, жою әдістері. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су. Су – сутек жəне оттек алудың көзі, қышқыл, сілті алуда, сонымен бірге көптеген химиялық үдерістерде
реагент болып табылады. Химиялық өндірістерде су универсалды еріткіш, жылу тасымал- даушы жəне
шикізат ретінде қолданылады. Оны қатты, сұйық, газтәрізді ерітінділерін дайындау үшін қосымша материал, ал газдарды тазалауда абсорбент ретінде пайдаланады. Су табиғатта таза күйінде болмайды,
онда əртүрлі тұздар еріген түрде болады. Кейбір химия зауыттарында тəулігіне 1 млн.м3-ке дейін су
қолданылады. Су гидравикалық, жылулық жəне атомдық электростанцияларда қысым туғызу үшін
пайдаланады.
Судың сапасы физикалық, химиялық жəне бактериологиялық анализдермен анықталынады.
Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне физикалық және химиялық сипаттамалары: мөлдірлігі, түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдық, жалпы
сілтілігі, жүзгін заттардың мөлшері және су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Осы
көрсеткіштер су құрамындағы қоспалардың бар жоғын анықтайды.