Көрсеткіштер: 1. Жүзгін заттардың мөлшері - судың қатты ерімейтін қосындылармен суспензия түрінде құм, саз,
топырақ бөлшектерімен ластануын сипат- тайды. Олардың мөлшері (мг/л) өрнектеледі.
2. Құрғақ қалдық - судың құрамында шын еріген, коллоидты күйде бо- латын минералды жəне
органикалық қосындылардың жалпы мөлшерін сипаттайды. Оның сандық мəні алдын ала белгілі
көлемі сүзілген суды буландырғанда қалған қалдықпен анықталады жəне (мг/л) өрнектеледі.
3. Судың жалпы сілтілігі - су құрамындағы аниондардың жəне кейбір əлсіз органикалық қышқылдар
тұздарының (ммоль/л) өрнектелген жиынтықты концентрациясы.
4. Судың кермектілігі - судың кальций, магний жəне темір (II) катиондарының болуына байланысты
қасиеттерінің жиынтығы. Еріген түрінде Са жəне Mg тұздары көп су кермекті су деп аталады. Су
кермектілігі уақытша, тұрақты жəне жалпы болып үшке бөлінеді. 1) Уақытша (карбонаттық) кермектік
құрамында Са жəне Mg бикар- бонаттары болуына байланысты. Суды қайнатқанда ол тұздар суда
ерімейтін тұздарға ауысып, тығыз тұнба (қақ) түзіледі. 2) Тұрақты (карбонаттық емес) су құрамында
кальций, магниден басқа тұздар (хлоридтер, сульфаттар, нитраттар) болуынан туады. Тұрақты
кермектілік кезінде су қайнағанда тұздар сол еріген қалпында су құрамында қалады. 3) Жалпы
кермектілік (Жк )- Уақытша жəне тұрақты кермектіліктің қосындысы. Жалпы кермектілік бойынша
табиғи сулар жұмсақ (Жк<2), орташа (Жк=2-10), қатты (Жк>10) деп бөлінеді.
5. Судың мөлдірлігі - фотоэлемент көмегімен немесе циллиндр түбіне орналасқан белгіні көре алатын
тереңдікті көздеу арқылы анықталады.
6. Судың тотығуы - судың бұзылмай сақталу мезгілін көрсетеді.
7. Судың сақталу мерзімі су құрамындағы тотығатын зат мөлшеріне тəуелді.
8. Судың реакциясы - судың қышқылдық немесе сілтілік сипаттамасы: егер рН-6,5-7,5 су бейтарап;
рН<6.5 қышқыл, рН<7,5 сілті.