1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

А+Б = В+Г қайтымды реакция 
Концетрация- Реакцияға түскен заттардың концентрациясы мақсатты өнімнің шығымына үлкен əсер етеді. 
Егер А мен Б-ның концентрациясын көбейтсек, реакция өнімінің де концентрациясы көбейеді. Өйткені 
берілген температурада К-тұрақты. Егер реакция өнімінің концентрациясын азайтсақ, оған сəйкес əуелгі 
заттың да концентрациясы азаяды, яғни олардың өңдеу дəрежесі өседі. 
Температура- егер қайтымды экзотермиялық реакциясы жүрсе. Онда бөлінген жылудың əсерінен 
реакциялық қоспаның температурасы артады да тепе-теңдік солға қарай жылжиды, сөйтіп мақсатты өнімнің 
шығымы азаяды. 
Енді қайтымды эндотермиялық реакцияны қарастырайық.
бұл реакцияда система суығанда жылу беру керек, 
сонда тепе-теңдік оң жаққа, яғни өнім алатын жаққа қарай жылжиды. Сонымен қатар температура 
көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде 
экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады. Мұны Ван-Гофф заңы дейді. Ван-Гофф заңы Ле-Шателье 
принципінің бір түрі.
Қысым-
Химиялық тепе-теңдікте тұрған заттардың ішінде газ күйіндегі заттар болса, онда тепе-теңдікке 
қысымның да əсері болады. Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдікте тұрған системаның сыртқы 
қысымын арттырғанда тепе-теңдік системадағы молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына 
қарай ығысады. 
Химиялық айналулар стехиометриясы. 
Өнеркəсіптік химиялық-технологиялық үдерістердің негізіне жататын химиялық реакцияларды өрнектеу 
үшін химияның негізгі заңдары – стехиометрия заңдары, химиялық тепе-теңдік жəне химиялық кинетика 
қолданылады.
Стехиометрия – əрекеттесуші заттардың массалары немесе көлемдерінің арақатынасы туралы ғылым.
Стехиометрия негізіне – массалар сақталу, эквиваленттік, Авагадро, Гей-Люссак, құрамтұрақтылық, еселі 
қатынас заңдары жатады. Реакцияға қатысатын заттардың арақатынасы стехиометриялық деп аталады 
Химияда стехиометрия заңдары заттардың формуласына байланысты есептеулерде жəне алынатын реакция 
өнімдерінің теориялық мүмкін болатын массаларын анықтауда қолданылады. Реакцияның стехиометриялық 
теңдеуі массалар сақталу заңы негізінде жазылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет