1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


 Химиялық өндіріске анықтама беріңіз және салаларын жіктеңіз. Химиялық өндірістің құрылымы



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

3. Химиялық өндіріске анықтама беріңіз және салаларын жіктеңіз. Химиялық өндірістің құрылымы 
мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз. 
Химиялық технологияның зерттеу объектісі – химиялық өндіріс болып табылады. 
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған 
машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы. 
Химиялық өндіріске қойылатын талаптар:
– өндірісте қажетті өнімдер алу; 
– экологиялық қауіпсіздік; 
– пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі; 
–шикізат жəне энергияны максималды пайдалану; 
– максималды еңбек өнімділігі. 
Шикізатты өнімдерге дейін өңдейтін химиялық өндіріс.
Химиялық өндірістің компоненттері ауыспалы жəне тұрақты болып бөлінеді. 
Ауыспалы компоненттер – өңдеуге түсетін шикізат, қосымша материалдар, негізгі жəне қосымша өнімдер, 
өндіріс қалдықтары, өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия өндірісте тұрақты түрде 
тұтынылады немесе түзіледі. 
Тұрақты компоненттер – аппаратуралар (машиналар, аппараттар, түтікөткізгіштер, арматура, 
сыйымдылық), басқару жəне бақылау қондырғылары, құрылыс конструкциялары (ғимарат, құрылғы), 
қызметкерлер (жұмысшылар, аппаратшылар, инженерлер жəне т.б. өндіріс жұмысшылары) өндірістің 
пайдалану мерзімінде тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. 
Химиялық өндірістің құрамы – химиялық өндірістің өзі, шикізат, өнімдер жəне басқа материалдарды 
сақтау қоймалары, шикізат, өнімдер, аралық заттар, қалдықтарды тасымалдау, өндіріс бөлімдерінде жұмыс 
істеушілер, басқару, қамтамасыз ету жəне қауіпсіздік жүйелері 
өндірістік бірлік ретінде оның қызметін қамтамасыз етеді. 
Химиялық өндірістің негізгі міндеті – өнім өндіру болғандықтан көп функцинолды болып табылады
Химиялық өндірістің жалпы құрылымы бірнеше функционалды бөлімдерден тұрады. 
Химиялық өндірістің құрылымы жəне функционалды элементтері: 
1 – шикізатты дайындау;
2 – шикізатты өңдеу;
3 – негізгі өнімді бөлу; 
4 – қалдықтың утилизациясы жəне санитарлық тазалау;
5 – энергетикалық жүйе;
6 – қосымша материалдар мен суды дайындау;
7 – басқару жүйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет