1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


 Гомогенді химиялық процестерді сипаттап мысалдар келтіріңіз. Осы процесстерде қолданылатын



Pdf көрінісі
бет25/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

13. Гомогенді химиялық процестерді сипаттап мысалдар келтіріңіз. Осы процесстерде қолданылатын 
реакторлар типтері. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығына сипаттама беріп, формуласын 
жазыңыз. 
Əрекеттесуші заттардың (реагент) агрегаттық (фазалық) күйіне байланысты химия-технологиялық үрдістер 
гомогенді жəне гетерогенді болып бөлінеді. Бұл жерде каталитикалық емес, яғни катализаторларсыз өтетін 
үрдістер қарастырылады.
«Гомогенді» және «гетерогенді» реакциялар ұғымы «гомофазалы» және «гетерофазалы» үдерістер 
ұғымымен сәйкес келмейді.  
Реакцияның гомогендігі жəне гетерогендігі белгілі бір дəрежеде, реакцияның қандай да бір фаза көлемінде 
немесе фазалардың бөліну бетінде жүру механизмін көрсетеді. Ал үдерістің гомо жəне гетерофазалылығы 
реакцияға қатысатын бөлшектердің фазалық құрамы туралы түсінік береді. 
Гомогенді деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық 
немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды. 
Гомогенді орталарда – газды жəне сұйық – көптеген үрдістер тізбек механизм бойынша өтеді: тотығу, 
полимерлену, көмірсутектерін галогендіру, элементтерден хлорсутегінің синтезі жəне басқалар. 
Реакторлар: 
Гомогенді реакторлардың көпшілігі – типті химиялық аппаратура, Г-Г фазалар үрдістер үшін камералық 
жəне құбырлы реакторлар.
Жиі жалынды реакторлар – горелкалар жəне жығу камералары – қолданады, оларда газды реагенттерді 
араластыру үшін арнайы құрылғылар – сопло, эжектор, ортадан тепкіш араластырғыш жəне басқалар 
болады.
Камералы реакторлар хлорсутектерін синтезі үшін, күкіртті күйдіру үшін, метанды термиялық хлорлауға, 
метанның термототықтырғышты пиролизінде жəне басқада пайдаланылады. Гидродинамикалық тəртібі 
бойынша кейбір камералық реакторлар, мысалы, ортадан тепкіш араластырғышпен толық араласуға; ал 
кейбіреулері – идеалды ығыстырғышқа жақындайды. Камералық реакторлар əдетте ішінен қышқылға берік 
жəне ыстыққа берік материалмен өріледі; горелкаларды легірленген болаттардан немесе арнайы 


материалдардан (элементтерден НСl синтезі үшін танталдан) жасалынады. Құбырлы реакторлар газды жылу 
алмастырғыштар түрінде немесе суытылатын «құбыр-құбырдан» реакторлар түрінде жасалады, идеалды 
ығыстырғыш тəртібінде жұмыс істейді. 
С-С фазалы үрдістерді жүргізу үшін көбінесе əртүрлі араластырушы құрылғылары бар реакторларды 
пайдаланады. Мерзімді үрдістерді, əдетте, механикалық араластырғышы бар немесе араластырудың басқа 
түрлерімен дара резервуарларда немесе автоклавтарда жүргізеді. Үздіксіз сұйық фазалы үрдістер үшін 
ағынды реакторлар – араласумен дара, араластырғыштары бар реакторлар каскады (тізбегі), газ фазалы 
үрдістері үшін сияқты ығыстырғыш реакторлар, мысалы, салқындатылатын құбырлы ығыстырғыш реактор. 
Газды фазадағы гомогенді үрдістер əсіресе органикалық технология үшін тəн жəне бір қатар жағдайларда 
органикалық заттарды буландырып, соңынан буларды газ тəрізді реагенттермен – хлормен, оттегімен, күкірт 
диоксидімен, азот оксидтерімен өңдеу арқылы жүзеге асырылады; осыған сəйкес хлорлау, тотығу, 
сульфирлеу, азоттау жəне т.б. химиялық реакциялары жүреді. Газды жəне сұйық фазалардағы гомогендік 
үрдістердің жылдамдығына əрекеттесуші заттардың, концентрациясы, қысым, температура жəне араластыру 
əсер етеді.
Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады , яғни конверсия 
жылдамдығы мен заңдылықтары бұл жағдайда химиялық реакцияның жылдамдығы мен заңдылықтарымен 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет