256
әдістемесінен басқа әдістемелерді жеке-жеке жүргізеді. Бір кабинет
қана баланың аффективті-қажеттілік аясындағы танымдық немесе
ойын мотивінің басымдылығын анықтауға бөлінеді. Бұл кабинет
әдістемеде көрсетілгендей, арнайы ойыншықтармен жабдықталады. 5
баланың бәрі жеке әңгімелесуден өткен соң, бір бөлмеге кіріп, топпен
«Үйшік» әдістемесін орындайды.
Осы тексерудің бірінші кезеңі біткеннен соң, балаларын тексерудің
екінші кезеңіне, ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытқа жаздырып
қояды. Бірінші және екінші рет тексеруде ата-аналар қатысып отырады.
Тек екі әдістемеге: «Үйшік» пен «Танымдық және ойын мотивінің
басымдылығын анықтауға» қатыспайды. Өйткені олар үйшіктің суретін
салуда балаларды алаңдатуы мүмкін, ал мотивтердің басымдылығын
зерттеуде кездейсоқ немесе әдейі сыбырлап айтып жіберуі арқылы
баланың тыңдауына әсер етуі мүмкін. Ал қалған әдістемелерді
жүргізуде ата-ананың қатысуы қажет те. Әсіресе бұл мектеп таңдауда
өте керек (гимназия немесе тіл мектептерін).
Екінші әңгімелесудің алдында психолог ата-аналарға балаларының
суретін (үйшіктің) және үлгіні салыстыра отырып жіберілген қатесін
көрсетеді. Содан соң бірінші кезеңдегі өзге тапсырмаларды орындау
нәтижесін естеріне салады. Тек осыдан кейін балаға «Етіктер» және
«Оқиғалардың жүйесі» әдістемелері беріледі.
Барлық тапсырмаларды орындап біткен соң, қажет болған жағдайда
ата-аналарға қалған уақытта баланы мектепке қалай дайындау керектігі
туралы ұсыныстар беріледі.
Күрделі бағдарлама мен оқытатын сыныптағы дамуы жоғары
балаларды айқындаған жағдайда, тексерудің екінші кезеңінде,
мұғалімдердің шағын комиссиясы қатысуы керек (мүмкін болса
логопед).
Ал тексеру балаларды іріктеу мақсатында болмай, оның психикалық
даму ерекшеліктерін зерттеу мақсатында болса, комиссияның қатысуы
міндетті емес. Онда тексеруді психолог қана жүргізеді. Баламен
әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек.
Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төменделуіне
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: