251
әлеуметтік мотив) және киіз үйде қанағаттандыра алмайтын танымдық
қажеттіліктерін де оқығысы келуі мүмкін.
Осы екі қажеттіліктің
бірігіп араласуынан баланың қоршаған ортаға жаңа қатынасы пайда
болады. Ол «оқушының ішкі позициясы» деп аталады (Божович,
1968) Л. И. Божович оқушының ішкі ұстанымын мектептегі оқуға
дайындықтың белгісі деп есептеп, оған үлкен мән береді.
«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп
жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-
әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер
мен мақсаттардың саналы қалыптасуы мен оларды орындаудан немесе
оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.
Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген авторлардың бәрі
осы мәселеде еріктілікке ерекше орын береді.
Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д. Б.
Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол
және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:
- баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге
саналы бағындыра
алуы;
- берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;
- сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;
талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес
орындай алуы. Бұл - еріктіліктің дамуының шамасы.
Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын
зерттеуде баланың меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес,
зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне баса көңіл бөлінеді: «...бала
қоршаған шындықтағы құбылыстардың
мәнді жағын бөле білуі,
оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек»
(Божович Л. И., 1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін
бөле білуі керек.
Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығына және бір
қосымша талап – оның тілінің дамуы. Тіл – зиятпен тығыз байланысты
және баланың жалпы дамуымен қатар логикалық ойлауының деңгейін
де бейнелейді. Бала сөздерде жеке дыбыстарды таба білуі керек, яғни
оның фонематикалық естуі дамымаған болуы керек.
Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-
қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш
сферасы бөлініп көрсетіледі:
- ересектермен
ерікті қарым-қатынас;
- құрдастарымен ерікті қарым-қатынас;
- өзінің өзіне қарым-қатынасы.
252
Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты
өзге балалармен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар
қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге
келе алуы, қорғана білуі де керек. Баланың белгілі бір әлеуметтік
ортадан алған мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімдері
мен оған нақты бір қатынасы болуы керек.
1. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп
көрсетеді:
- зияттылық
-
эмоциялық
- әлеуметтік
Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін
бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды,
аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды
түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта
жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік
қимылдары мен сенсорлық
координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы
құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады
Достарыңызбен бөлісу: