253
бала ойынының барлық сатыларынан айлалы әрекет ету ойындарынан
ережелі ойындарға дейінгі сатыларынан өткенде көрініс береді.
С. С.
Выготский атап көрсеткендей, ойынның даму үдерісі
ондағы қиялдан туған жағдаяттардың маңызының біртіндеп азайып,
ережелердің рөлінің едәуір артуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі
ересек жаста, әсіресе 6-7 жаста ережелі ойындар неғұрлым қалаулы
ойындарға, ал әрекетті ереже бойынша орындау оның негізгі мазмұнына
айналады. Осылай мотивациясының жетекші типінің ойыннан оқуға
ауысуы үшін
негіз дайындалып, ол баланы үнемі түрлі ережелер
бойынша әрекет ететін оқушы рөліне енуге ынталандырады.
Егер бала ойынның дамуының барлық сатысынан өтпесе, мектепке
аяқ басар алдында оның психикалық дамуына жеті жастағы дағдарыс
байқалмайтынын толық айтуға болады. Ал
бұл дағдарыс мектепке
психологиялық дайындықты білдіретін оқу мотивациясының пайда
болуынан туындайды.
Сондықтан да диагностикалау бағдарламалары негізінен ережелі
ойындар мен ойын тапсырмаларынан тұрады. Оларда жақсы нәтижеге
жету үшін бала мұндай ойындарға жаттыққан болуы керек.
Ал бұл
зерттеліп отырған психикалық үдерістердің ойын іс-әрекеті жеткілікті
қалыптасқандығын дәлелдеп, оқу мотивациясының пайда болғанын
болжауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: