Диагностикалық бағдарлама
Мектепке даярлық диагностикасы — баланың әлеуметтік көңіл-
күйлік, психофизиологиялық жүктемелер мен оқу бағдарламасын
сапалы игере алу-алмауы сұрағына жауап қана. Даярлық деңгейінің
өлшемін құру барысында тәжірибе жүзінді тексеріліп, ғылыми сыннан
өткен 6-7 жасар бала бейнесінің үлгісіне сүйену керек. Ол мына
сапалардан тұрады: оқуға жетік әлеуметтік жағынан бейімделген, дене
дамуы кемелденген, ары қарайғы дамуға даяр.
Мектепке барар балалардың ақыл-ойының оралымдылығын
анықтау үшін логикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын,
кеңістікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін
авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік.
1. Векслер тесті. Балалардың сөздік қоры, заттардың ұқсастық
белгілері мен айырмашылықтарын ажыратуы, санамақты есіне сақтау
дағдыларын өлшейтін тапсырмалардан құралады. Тест мазмұны
ақыл-ойдың жалпы көрсеткішін құрайтын сөздік және сөздік емес
тапсырмалардан тұрады. Ағылшын тіліндегі бұл әдісті орыс тілінде
«сөйлеткен» А.Ю.Панасюк.
261
2. Л.С.Выготский өдістемесі. Балаларға топтама сөздер оқылып,
оларды бір сөзбен қалай атауға болатыны сұралады. Мысалы: көйлек,
күрті, шалбар, малақай - киім. Бұл әдістеме аркылы ұғымдардың
калыптасуы мен оларды жинақтай білу іскерлігі анықталады.
3. А.Р.Лурияның «Пиктограмма» өдістемесі. Мақсаты: құралдарды
пайдалану арқылы балалардың есте сақтауының даму деңгейін анықтау.
Зерттеуші есте сақтауға он, он екі сөздер мен сөз тіркестерін ретімен
атайды. Ал бала әр сөзге сол сөзді есіне түсіретіндей сурет салуы тиіс.
4. Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» деп аталатын әдістемесі арқылы
балалардың ойлау операцияларының даму деңгейін анықтайды.
Әдістеме ауызша есептерді ойша шешу арқылы орындалады: қоян-
қасқырдан үлкен, қасқыр - аюдан үлкен. Сонымен кім үлкен? Қоян ба,
аю ма?
5. С.Я.Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» өдістемесі ерікті есте
сақтау деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда дамып
келе жатқан баланың әрбір жаңа сөз сайын есте сақтауы арта береді;
ал медициналық, психологиялық көмек қажет ететін балалардың есте
сақтауы, керісінше, кеми береді.
6. Баланың мектепке оқуға ықыластық даярлығын анықтау үшін
Н.Л.Белопольскаяның әдістемесін қолдануға болады. Әдістің міндеті
баланың ойынға және оқуға ықыласын байқау. Ойын элементтерін
пайдаланып, ынталандыру арқылы белгілі бір тапсырмалар жүйесін
орындатады.
7. Д.Б.Элькониннің «Кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «Өрнекті
диктант», Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері үлкеннің нұсқауын
тыңдап, оны орындау мен өзінің әрекетіи белгілі бір тәртіпке бағындыру
іскерлігін анықтау үшін қолданылады.
Мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнына
«Сараптық баға» өдісінің қосары мол:
- Тексерілуі тиіс түрлі өлшемдер бір-бірімен өзара байланысты
мәнде анықталып, оның қорытындысының біртұтас күйде жасалуы
мынадай мәселелерде ұтымдылық танытады:
1. мектепке психологаялық даярлық деңгейін көтеруге байланысты
психологиялық дамьпу шарапарының кешенді бағдарламасын жасауға;
2. мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің бағдарламасын құруда
негізге алынар тексеру қорытындысының бірыңғайлылығы
тәжірибелік қолданысқа ылайықтылығы.
262
Достарыңызбен бөлісу: |