Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Баланың психикалық дамуының картасы



Pdf көрінісі
бет121/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Баланың психикалық дамуының картасы
Мектепте оқуға психологиялық дайындықты тексеру нәтижесінде 
баланың психикалық даму картасына, қысқаша айтқанда, психикалық 
картаға енгізу керек. Оның бірінші бетіне баланың фамилиясы, аты, туған 
жылы, айы, күні, отбасы, сыныбы туралы мәліметтер жазылады. Содан 
соң «баламен жүргізілген жұмыс туралы жинақталған мәліметтер» 
кестесі беріледі. Бұл баланың мектепке келуінің бүкіл уақыты бойына 
толықтырылады. Бұл құрама кесте келесі тарауларға бөлінеді:
1) Айы/күні (датасы)
2) Тексерудің немесе жұмыстың басқа түрлерінің жүргізілу себебі;
3) Іс-шараның мақсаты мен тәжірибесі;
4) Алдағы жұмыс үшін мәселелер.
Әрі қарай баламен жүргізілген жұмыстың нақты нәтижесі 
көрсетілген бөлімдер басталады.
І. Өткен кезеңдердегі даму, оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері 
туралы мәліметтер;
ІІ. Денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
ІІІ. Диагностикалық жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер 
(пайдаланылған әдістер мен нәтижелер);
IV. Психокоррекциялық және даму жұмыстары туралы мәліметтер;
V. Педагогтармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер 
(мұғалімдермен, тәрбиешілермен жүргізілген әңгімелер; олардың 
балаларға берілген міндеттемесі; психологтың ұсыныстары; бірігіп 
қабылдаған шешімдер; шешімдер мен ұсыныстарды орындау нәтижесі 
мен барысын талдау);
VІ. Ата-аналармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер (ата-
аналармен әңгімелер; психолог берген ұсыныстар; біріккен шешімдер, 
оны орындау нәтижесімен барысын талдау).
VІІ. Үшінші адам немесе инстанция үшін балаға психологтың 
берген қорытындысының көшірмесі.
VІІІ. Балаға қатысты психологтың сұрауына жауап ретінде алынған 
мамандардың қорытындысы.
ІХ. Қосымша мәліметтер. Ерекше белгілер.
Психологиялық мәліметтердің кеміп қалуын болдырмау үшін 
картаны шифрлап қою керек. Мұндай жағдайда бала туралы 
мәліметтер жазылған (фамилиясы т.б.) бірінші бет бөлек сақталады. 
Онда психологиялық картаның өзге бөлімдері сияқты шифр және кілті 
(жауабы) көрсетіледі.
Картаны тек психологтың және кәсіби бағыттағы оның 
басшыларының ғана көруге құқығы бар. Ал әкімшілік қызметкерлер 


263
мен педагогтар ондағы мәліметтерді тек психологтың келісімін 
алғаннан кейін ғана пайдалана алады. Егер бала басқа мектепке ауысса, 
оның картасы сол мекеменің психологына беріледі. 
Мектепке қабылдауда баланы психологиялық тексерудің негізгі 
мақсаты – оның дара ерекшеліктерін айқындау. Егер арнайы дамыту 
жұмысын қажет ететін бала келсе, психологиялық картада міндетті 
түрде тексерту сәтіндегі:
1) Оның дамуын сипаттайтын тарауларды толықтыруы керек; 
пайдаланған диагностикалық әдістемелерді, алынған мәліметтерді 
тіркеу керек;
2) Баланың негізі зияттылық және тұлғалық проблемаларын тіркеу 
керек;
3) Қажетті дамыту жұмыстарының жоспарын белгілеу керек.
Егер психолог өз құрдастарынан жоғары даму көрсеткіші бар 
балалармен кездессе осы айтылғандардың бәрі де картаны толтыруға 
қатысты, бірақ кері белгімен. Бұл жағдайда болашақ оқушыға (мектепте 
де, үйде де) жеке-дара жұмыс белгілеу керек. Өйткені орта оқушыға 
есептелген оқу бағдарламасы оның даму қарқынын тежемеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет