Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым



Pdf көрінісі
бет21/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым 
қуалаушылық рөлі
Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден 
күрделі түрге көшу деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар 
жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. 
Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады: биологизаторлық және 
социологизаторлық. 
Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, 
мінез-қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік 
иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын, оның 
темпін, тез немесе ақырын, оның шегін, дарындылығын анықтайды. 
Биологизаторлық бағытта рекапитуляция теориясы пайда болды. Оның 
негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион (адам ұрығы) 
өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі организмнің дамуын қайталайды. 
Айлық ұрықта омыртқалылар типінің өкілін көруге болады. Оның 
басы және құйрығы болады; екі айда адам түріне келе бастайды, 
оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында 


42
эмбрионда адамның беті пайда болады. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез 
филогенезді қысқаша қайталау деген заң қалыптастырды. 
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң 
психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын 
және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге 
мүмкіндік береді.
Бала 
психикасының 
дамуына 
қарама-қайшы 
бағыт 
социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХVІІ ғ. философ 
Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза 
санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:
1. Тұқымқуалаушылық
2. Орта
3. Тәрбие
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші 
тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темперамент 
және қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке 
жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу 
процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын 
және тежелу процесіне ие – флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі 
әлсіз, сезімтал.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – орта. Табиғи орта 
психикалық дамуға жанама әсер етеді. 
Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай 
басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не 
екенін жақсы түсіну керек.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – тәрбие. Баланың 
психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.
Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған 
ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды, 
бірақ та табиғи қабілетінің рөлін яғни жеке адамды туғаннан бастап 
бір-бірінен ерекшелейтін ми мен нерв системасының анатомиялық 
және физикалық ерекшеліктерін жоққа шығаруға болмайды.
2-3 жастан бастап кейбір балада дербестік, қарсыластық байқалады. 
Енді біреулері осы жаста тек қана үлкендердің айтуымен ғана әрекет 
етеді. Баланың табанына біткен қасиеттері күнделікті өмірге өзінің 
іс-әрекетінде сырттан әсер еткен ықпал мен тәрбиенің әсерінен көп 
жағдайда дамып, өзгеріп отырады. Баланың жеке басының дамуына 
тұқым қуалаудың қасиетінің мәні болғанымен бүкіл болашағын 


43
анықтайтын ол емес. Балаға көп әсер ететін қоршап тұрған әлеуметтік 
ортаның әсері.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, 
оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму 
және оқытуды теңдестіреді. Л. С. Выготский психикалық дамуда 
оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы 
психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның 
дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық 
функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-
қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы 
психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму 
аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С. Выготский енгізген. 
оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. 
Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. 
С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы 
айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі 
мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді 
жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді 
дамытады. 
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның 
ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет 
және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады 
(бірі - берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі - жақын ортаның 
әсерімен даму) яғни конвергенция болады. 
Л. С. Выготский тұқымқуалаушы және әлеуметті мезеттердің 
даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың 
барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым 
функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық 
функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы 
функциялар – адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде 
тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Сонымен, тұқымқулаушы 
және әлеуметтік әсерлердің бірлігі - бұл үнемі болатын құбылыс емес, 
ол ажыратылған, даму үдерісінде өзгерістерге ұшырайды. Даму процесі 
қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? 
Л. С. Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп 
көрсетті.
1. Циклділік
2. Дамудың бірқалыпты еместігі
3. Бала дамуындағы метаморфоздар
4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің 
байланысы


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет