134
ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің
бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта
алуы,
шапшаң қимылдап, тез сөйлеу, сезгіштіктің пайда болуы мен
көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің
әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге
жауап беру
қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күйгелек,
шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз
дейді. Енді біреулерді икемді, епті десек, оған қарама-қарсы ебедейсіз,
олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиеттер баланың сыртқы
әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: