158
емес, сонымен бірге жихаз, тақтай, таяқ, зонт, матаның қиықтары сияқты
баланың төңірегіндегі заттардан құрылыс тұрғызуға тура келеді. Ойын
көбіне баланың тек өз басы ғана пайдаланатындай құрылыс тұрғызуды
да талап етеді. Балалар ойындарында өздері ішіне орналасатындай
үйлер салады, отырып алып жүзіп кететіндей кемелер мен баржалар
жасайды.
Ойында салынған құрылысты пайдалану балалардың құрастыра
білуіне үлкен практикалық мән береді және құрастырудың сипатын
өзгертеді. Балалар өздерінің салған құрылысын белгілі бір нәрсеге
ұқсас болу үшін ғана емес, сонымен бірге өздері осы құрылыспен ойнау
үшін де құрастыра бастайды.
Мұндай жағдай балалардың құрастыру процесіне өзгеше
көзқарасын тудырады: балалар ойланған ойынға оның ерекшеліктері
сәйкес келетіндей құрылыстарды салуға тырысады.
Ойын үшін құрастыру балаларды біріктіреді, құрастыру үрдісінде
балалар құрылыс жоспарын бірлесе талқылауды, ортақ келісімге
келуді, өздерінің тілектерін көпшілік қолданған құрастыру ойынына
бағындыруды және құрылыстың неғұрлым сәтті варианты жөніндегі өз
ойларын қорғауды үйренеді. Балалар салып бітірген құрылысты т. б.
қайта құрастыруды үйренеді.
Үлгі, шарт, ойлау бойынша құрастыру бір-бірін тура алмастыратын
кезеңдер емес. Құрастырудың барлық типтері міндеті мен жағдайына
байланысты кезектесіп отырады. Әйтсе де құрастырудың әр типі
баланың өзіне тән қабілеттерін дамытады.
Құрақ құрау мен жапсыруды жеке атау қажет. Бұл да жемісті іс-
әрекеттің екі түрі болып саналады. Олардың психологиялық мәні
бейнелеу және құрастыру іс-әрекетінің мәніне ұқсас. Сурет салу,
құрастыру, жапсыру және құрақ құраумен белсене шұғылдану
арқасында балада ненің тындырылуы қажет екенін күні бұрын көзге
елестету қабілеті, іс-әрекетті жоспарлау қабілеті дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: