161
«Жұлдыздар қайдан пайда болған?»; «Егер кішкене үйді доңғалақтар
үстіне орнатса, оны трактор сүйреп әкете ала ма?»; «Егер судың бәрі
теңізге қарай ақса, кейін ол қайда кетеді?» - міне, алты жасар баланың
әдеттегі сұрақтарының шағын тізімі осындай.
Бірақ әуестік бұл әлі оқуға жүйелі білім алуға даярлықты
қамтамасыз ете алмайды. Қандай да бір құбылысқа деген ықылас балада
жылдам пайда
болады да жылдам ұмытылады, басқамен алмасады.
Болмыстың сан түрлі саласына жататын құбылыстарды баланың білуге
ынтығатыны жоғарыда келтірілген сұрақтардың тізімінен-ақ көрініп
тұр. Өзінің жетілген формаларындағы оқу бірнеше арнаулы пәндердің,
математиканың, ана тілінің, биологияның тағы басқалардың мазмұнын
құраушы құбылыстардың белгілі жақтары мен типтеріне деген тұрақты
ынтаға жетелейді.
Кей жағдайларда мектеп жасына дейінгі балаларда білімді игеруде
де тамаша табыстарға әкелетін бөлшектелген де берік ынта ерте
байқалады.
Сәбит тұрмыс жағдайының қиындығында өсті. Ол
бір жарым
жасқа келгенде әкесі қатты ауырып, содан бері мүгедек болып қалды.
Техникалық білімі бар, оның анасы мектепте уақытша мұғалима болып
істеді, кейде оқушылар оның үйіне де келіп жүрді. Анасының үйде
өткізген сабақтарына құлақ сала жүрген Сәбит төртке жеткенде кенет
оқуға ынталанып, тамаша нәтижелер көрсететін болды (шамамен өзге
балалардың жасында ол да жүре және сөйлей бастаған).
Бес жасқа жеткенде үлкендер тарапынан көрсетілген арнаулы
жетекшіліксіз-ақ тіпті олардың қарсылығына қарамастан бірнеше айдың
ішінде оқуды, жазуды, санауды үйренді. Жаңа дағдыларды меңгеру тым
тез және қызу өтті. Сәбит әріптерді, атауды сұрай бастады, ал оларды
түсіндіруден бас тартқанда жылайтынды шығарды. Алфавитпен
танысып
алғаннан кейін, оларды кез келген жерден тауып алғанына
разы болып әріптің аттарын дамылсыз айтып отырды. Сәбиттің
әріптерді буынға қалай құрастырғанын ата-анасы байқап та үлгірмеді,
өйткені оқытудың бұл кезеңін ол жылдам өтті.
Бұдан кем түспейтін табандылықпен
Сәбит сандармен және
арифметикалық амалдармен танысты. Егер бұдан әрі қалай санауды оған
айтпаса, ренжитін болды: егер оның әуестігі қанағаттандырылмаса, ол
шынайы азап шекті.
Аурушаң баланың ғылымдағы екпінді қадамы анасына қорқыныш
туғызды. Ал бала толассыз ой азығына талпынуда жүрді. Тәтті тағам
немесе ойыншықтан гөрі алған біліміне көбірек қуанатын еді.
162
Мектеп жасына дейінгі жылдарда ол математикамен қатар орыс
тілімен қатты шұғылданды, септеулерді үлкен ықыласпен үйреніп алды,
сөздерді септеуді асқан ынтамен анықтап түсті. Тіпті грамматиканың
оқулығын жаза бастады. Географиялық атласпен таныстыру
географияға деген ынтаны туғызды. Ол географиялық ұғымдарды тез
игерді, жүздеген атауларды жаттап алды.
Масштабтық шамаларды
нақты шамаларға аударып белгілі ендік пен бойлыққа орналасқан
барлық қалаларды табатын
(Н. С. Лейтестің материалдары бойынша
Достарыңызбен бөлісу: