167
текшелерді лас күйінде қалдырады. Келесі кезеңдегі іс-әрекет алдыңғы
кезеңдегі балалар тапсырманы орындағанына байланысты болады.
Балалар бірлесуінің мұндай түрі,
олардың өз іс-әрекеттерінің
бірлесу сипатын сезінуге жеке істерді ортақ істің буыны ретінде
қарастыруды, құрдастарының және өз ісінің нәтижелеріне белгілі
талаптар қоюды үйренуге жағдай жасайды. Балаларды еңбек үстінде
біріктіру олардың жақсы жоспарлауды үйренуіне септігін тигізеді,
барлық жұмыс үдерісін тетелес буындарға
ажырата білу іскерлігін
қалыптастырады. Осының бәрі еңбек тапсырмасын біртіндеп ұжымдық
еңбек іс-әрекетіне айналдырады.
Балаларды біріктірудің алғашқы шарты ойын үстінде болатынына
көз жеткізгенбіз. Алайда еңбек тапсырмаларын орындау ойынға
қарағанда біршама ерекше. Мұнда қатысушылар арасындағы қарым-
қатынас міндетті түрін белгіленген нәтиже, белгілі сапалы өнім алуға,
яғни еңбек іс-әрекеттеріне тән және ойында болмайтын шарттардың
қажеттігімен реттеле бастайды.
Еңбек тапсырмаларын бірлесе орындаудың күрделі
формалары
және олармен байланысты еңбек іс-әрекетін игерудегі еңбек іс-
әрекетінің бастапқы формалары мектепке дейінгі естияр шақта-ақ
мүмкіндік алады. Сонымен бірге осы жаста таза еңбек тапсырмаларын
орындау тиімділігі ойын іс-әрекетіне енгізілген тапсырмалардың
орындау тиімділігінен төмен болады. Балаларға
белгілі тапсырманы
тікелей еңбек тапсырмасы ретінде беріп, ал шеберхана ойыны
барысында балалар жұмысшылар рөлінде болғанда балалардың іс-
әрекеті үлкендердің шынайы еңбегіне неғұрлым көбірек ұқсады.
Әйтсе де балалардың еңбек іс-әрекеттері
шынында да жоғары
нәтиже бергендігі емес, осы іс-әрекеттерді балалардың өздері еңбек
істері ретінде түсіне білгендігі маңызды ғой. Еңбек іс-әрекеттерін түсіне
білудің өзі психикалық дамудың өзіне тән ерекшелігін анықтайды
және балаларды қоғамның саналы мүшесі
ретіндегі болашақ өмірге
даярлайды.
Достарыңызбен бөлісу: