өзін-өзі бағалау дағдылары қалана бастайды. Көбіне мектепке дейінгі
ересектер өздері тым жеңіл деп санайтын тапсырмаларды көңілсіз
орындайды, өз көзқарастары тұрғысынан білім мен іскерліктің қол
жеткен деңгейіне көбірек сәйкес келетін тапсырмаларды орындауға
тырысады. Үлгі бойынша өрнек жасауға тапсырма алған балалардың
сөздері мынадай: «О, мынау! Бізге мұны жасау түкке тұрмайды, солай
ма, Сымбат?», «Сіз маған қиынырақ бірдеңе беріңіз, мен мұны білемін»,
«Ой, қандай қиын! Біз көптен бері осындай өрнек жасасақ деп жүр
едік?»
Өзінің білімі мен іскерліктерін бағалауда балалар көбінесе
қателеседі. Олар үшін жұмыс үдерісінде өзін тексеру біраз қиындыққа
түседі. Бірақ өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалаудың пайда болуы
мектептегі оқыту кезеңінде аяқталатын оқу іс-әрекетін меңгерудегі
басты қадам болып табылады.
Еңбек іс-әрекетінің бастапқы формаларын меңгеру. Еңбек іс-әрекеті
(өнімді еңбек жөнінде сөз болып отыр) қоғамға пайдалы өнімдерді –
адамзатқа қажетті материалдық және рухани байлықтарды жасауға
бағытталған іс-әрекет. Өзінің нәтижесі жағынан да, ұйымдастырылуы
жағынан да еңбек іс-әрекетінің қоғамдық түрі болып саналады. Ол
әдетте ұжым ішінде өтеді. Өз іс-әрекетін еңбекке қатысушы өзгелердің
іс-әрекеттерімен сәйкестіре білуге, ортақ мақсаттың жетістіктері бірлесе
қол жеткізуге бағдарлайды. Сол сәттегі көңіл-күйі мен ықыласы қандай
екеніне қарамастан адам еңбек етуге міндетті. Еңбек іс-әрекетінің
барысы белгіленген нәтижеге қол жеткізуге бағындырылған болуы
тиіс. Сондықтан зер салу, күш жұмсау сыртқы және ішкі кедергілерді
жеңумен байланысты еңбек үрдісінің белгілі дәрежеде, қиындығы да
болады.
Еңбек үрдісінің әрбір түріне қатысу үшін адамға белгіленген өнімді
алуға мүмкіндік беретін белгілі білім, іскерлік пен дағды қажет.
Еңбек іс-әрекетінің осы ерекшеліктерінің бәрі адамның психикалық
қасиеттеріне қойылатын талаптардың шеңберін анықтайды. Өнімді
еңбекке саналы түрде қатысу алдымен еңбектің қоғамдық мәнін
түсінуге, нәтижесі өзге адамдарға да пайдалы болып шығатын іс-
әрекеттің орындау ниетіне жетелейді. Ол сондай-ақ өзгелермен бірлесіп
іс-әрекет жасай білуді, белгіленген өнімді алуға бірлесе қол жеткізуді
талап етеді. Еңбек өзінің іс-әрекеттерін жоспарлауға және олардың
165
нәтижелерін көре білуге мүмкіндік беретін ойлауды дамытудың белгілі
деңгейін талап етеді.
Іс-әрекетті белгілі мақсатқа бағындыра білу, оларды саналы
түрде реттеу, пайда болған қиындықтарды жеңу сияқты ерік-жігер
саналарына еңбек ерекше жоғары талаптар қояды. Өзінің кемелденген
түрінде бұл психикалық, қасиеттер мектеп жасына дейінгі баланың
мүмкіндіктерінен асып түседі. Бірақ осының бәрі белгілі бір шамада
мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды. Әйтсе де білім мен іскерлікті
игеру мектеп жасына дейінгі балаларда негізінен оқу тапсырмаларын
орындаудан тысқары өтеді, еңбекке қажетті қасиеттердің қалыптасуы
балаларда көбінесе еңбек тапсырмаларын орындаудан өтеді. Осындай
тапсырмаларды балаларға бергенде олар бұл тапсырмалардың ойыннан
заттық немесе жемісті іс-әрекеттерден айырмашылығы бар еңбек
тапсырмалары екенін бірден түсініп кете бермейді.
Өнімді еңбекпен балалардың алғашқы танысуы олардың еңбек
тапсырмаларын орындауы кезінде емес, әңгіме, оқылған кітапты
тындау, суреттерді қарау, үлкендердің еңбегін байқау арқылы жүреді.
Балалар өздерінің ойындарында үлкендердің еңбек іс-әрекеттерін не
қарым-қатынастарың елестетеді, тек осы жолмен еңбектің қажеттілігі,
оның қоғамдық мәні, коллективтік сипаты жөнінде түсінік алады. Ойын
үстінде істерді бөлісу мен үйлестірудің алғашқы формалары мен оларды
бірлесіп орындау дағдылары қалыптасатынын біз бұрыннан білетінбіз.
Іс-әрекеттің жемісті түрлерінде мектеп жасына дейінгі балалар
берілген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді орындауды
үйренеді, өзінің алдына белгілі мақсатты қоя білуді және оның жетістігін
жоспарлауды меңгереді. Оқу тапсырмаларын орындау балаларды
міндетті талаптардың жүйесіне сәйкес іс-әрекет жасау, өз жұмысын
тексеру, және бағалай білудің қалыптасуына себепші болады.
Осының бәрі – еңбек іс-әрекетінің сыңарлары, бірақ олар іс-
әрекеттің көптеген түрлерін бытыратып жіберген сияқты болып
көрінеді. Осыларды біріктіру еңбектің қоғамдық мәнін түсінуді өзара
байланыстыру, өз іс-әрекеттерін өзге адамдардың іс-әрекеттерімен
сәйкестендіру, нәтижелілік пен мақсатқа бағытталғандық, міндетті
талаптарға бағыну – балаларда еңбек іс-әрекетінің бастапқы түрлерін
қалыптастыру болып табылады. Осындай біріктірудің жолы – еңбек
тапсырмаларын балалардың орындауы үшін жағдай жасау. Өзге адамдар
үшін белгілі мәні бар сыртқы нәтижесі айқын байқалатын жетістікті
шамалайтын тапсырманы еңбек тапсырмасына жатқызуға болады.
Нәтижеге ие болу әбден міндетті және бұл үшін белгілі дәрежеде күш
166
жұмсалуы қажет. Осы нәтижеге қол жеткізудің мәнділігін түсіне
Достарыңызбен бөлісу: |