Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Мектеп жасына дейінгі бала түйсігінің дамуы



Pdf көрінісі
бет82/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Мектеп жасына дейінгі бала түйсігінің дамуы
Бала жарық дүниеге келгеннен бастап, үлкендер сияқты қоршаған 
дүниені танып біледі деуге болмайды. Балаларда сезім органдары 


175
бірте-бірте дамиды, олардың түйсінулерге қабілеттілігі тәжірибеге 
және тәрбиеге байланысты жетілдіріледі. Кішкене сәбидің нені 
түйсінетіндігі туралы біз тек қана олардың белгілі тітіркендіргіштерге 
жауап реакцияланын айта аламыз. Осы реакциялары бойынша өмірінің 
алғашқы күнінен бастап сәбиде жылылық пен салқындыққа тері 
түйсіктері қалыптасқандығын аңғаруға болады. Сәби көздері алғашқы 
күннен жарықтың өзгеруін бағдарлай бастайды. Түстерді ажырату 
баланың бір айлығында аңғарылады. Бала дүниеге келген алғашқы 
күндері естімейді. Оның себебі жаңа туған баланың ортаңғы құлағы 
ерекше жарғақпен бітелген, ол дыбысты өткізуге кедергі келтіреді. 
Алғашқы аптада бұбұл дене үгіліп түсіп қалады да, сәби дыбысты 
бағдарлайды. Бірте-бірте дыбысқа сезгіштігі қалыптасып, 2-3 айда 
дыбыстың бағытын айырады, басын дыбыс шыққан жаққа бұрады. 
Алғашқы екі-үш айлығында баланың барлық сезім орғандарының 
қызметі қалыптаса бастайды. Одан әрі бұл органдардың дамуы және 
түйсінулердің жіктелуі айырма сезгіштігінің күшеюіне байланысты 
іске асады. Мысалы, бала 4 жасында көптеген түстерді ажыратады. 
Ал есту түйсігі 2-3 жасында дамығандығы соншама, балалар кейбір 
адамдардың дауысын жеңіл айырып қана қоймайды, сонымен қатар 
жекелеген заттардың дыбысын және күрделі музыкалық әуендерді 
ажырата алады. Мектепке дейінгі кезеңде барлық түйсінулерге баланың 
абсолюттік сезгіштігі өте жоғары деңгейге жетеді. Үлкен адамдармен 
немесе мектеп оқушыларымен салыстырғанды мектепке дейінгілерде 
айырма сезгіштігі өте жоғаны дамыған. Мектеп жасындағы балалардың 
түйсіктері одан әрі дами түседі. Ал шәкірттеде ең алдымен айырма 
сезгіштігі жақсы дамиды. Күшті қарқынмен көру және есту сезгіштіктері 
жақсы дамиды. Психологтардың арнайы зерттеулері көрсеткендей 
7-ден 10-жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі 
45% артады, ал 10-нан 12 жасқа дейінгілерде 60% дейін арта түседі. 
Түйсіктердің түске саралануына сурет салуға үйретудің мәні орасан 
зор. Мектеп жасында шәкірттедің есту түйсіні жан-жақты дамиды. 
Әсіресе ән-күйді есту сезгіштіктерін дамытуда алатын орны ерекше. 
Түйсіктерді дамытуда дұрыс ұйымдасқан тәрбиенің мәні өте зор. 
Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау іс-әрекеттерінің 
дамуы. Сенсорлық эталондарды меңгеру, заттардың қасиеттеріне 
баланыңбағдарлануы дамудың тек бір ғана жағы. Біріншімен тығыз 
байланысты екінші жағы - қабылдау іс-әрекетін жетілдіру.
Бала мектепке дейінгі шаққа сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау 
іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бірақ бұл іс-әрекеттер әлі тым 
жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа 


176
түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан 
қатынастарының, формаларының, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз 
алдына елестету қажет болатын табысты тапсырмаларды орындауға, 
аттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын 
да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық іс-
әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын 
қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралығы табысты іс-әрекеттер үшін 
мүлде жеткіліксіз болып шығады.
Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі 
бөлшектері бар күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды. 
Ол жалпы нұсқасын немесе бөлшектерін жақсылы-жаманды етіп сала 
алады, бірақта ол екеуін де, бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша 
текшелерді құрастыру үдерісінде белгілі форма мен өлшемдегі текше 
жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз үйіліп жатқан текшелерді көре 
қалса, бала керекті текшені біршама оңай тауып алады, әйтсе де қажетті 
текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға рұқсат етілсе де), 
бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата алмайтын 
болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс-әрекетпен байланысты 
балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай 
білуге келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның 
бөлшектері мен белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін 
көрсетеді.
Мектепке дейінгі бала ішінде қабылдау әрекеттерінің өзгеруі 
туралы әр түрлі жастағы балалар тобының өздері үшін жаңа заттармен 
танысуын байқап отырып қорытынды шығаруға болады. Мектепке 
дейінгі үш жастағы балалардың қолдарына жаңа затты беріп, оның 
қандай екенін және не қызмет атқара алатындығын анықтауды 
сұрағанда, олар бірден затпен әрекет жасай бастайды. Олардың затты 
қарау және ұстап көруге әрекеттенулері байқалмайды: заттың қандай 
екендігі жөніндегі сұрақтарға балалар жауап бермейді. Төрт жастағы 
балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсыз, жүйесіз істейді, 
көбіне қол әрекетін жасауға көшеді. Заттарды ауызша сипаттағанда 
бір-бірімен өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен 
белгілерді атайды.
Бес, алты жасар балаларда затты неғұрлым жоспарлы да тұрақты 
тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар 
олай-бұлай аударып-төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра белгілі 
ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді. Тек алты-жеті жасқа 
жеткенде (сонда да балалардың бәрінде емес) заттарды толықтай 
жүйелі, жоспарлы қарайтындықтарын бақылауға болады. Бұл балалар 


177
затты қолында ұстауға құмартпайды, олар тікелей көру қабылдауын 
пайдалана отырып, заттың қасиеттерін ойдағыдай толық сипаттайды.
Осы байқаулардан, әуел баста бала заттардың қасиеттері жөніндегі 
мағлұматтарды қабылдаудан гөрі олармен практикалық іс-әрекет 
істеуден алады. Сосын қабылдау практикалық іс-әрекетпен ұштасады, 
олар бір-біріне жәрдемдескен секілді болады. Тек мектепке дейінгі 
балалық шақтың соңына таман қабылдау іс-әрекеті бірқатар ұйымдасқан 
әрі тиімді бола бастайды.
Эксперименттердің бірінде балаларға қарап көру және кейін тани 
білу үшін бұрыс формалы фигуралар берілді. Фигураға көз жүгірту 
киноға түсіру арқылы бақыланды. Үш жастағы балалар фигураның 
ішіне көз жүгіртеді, кейде осьтік бағыт бойынша да көз салады. Көз 
жүгірту саны онша көп болмайды. Төрт жастағы балалардың көз 
жүгіртуі көбінесе фигураның ішкі жағымен өтеді. Контур бойынша көз 
жүгірту мүлде жоқ деуге болады. Әйтсе де баланың фигураны көзбен 
өлшегісі келгендей алымды, мол қамтушы көз салулар пайда болады. 
Сонымен бірге фигураның ерекше белгілеріне көз тастайды, бір-біріне 
жақын орналасқан көз салуды жазу топтары да пайда болады. Көз 
жүгіртудің жалпы саны фигураны қараған кезде үш жастағы баланың 
көз жүгіртуімен салыстырғанда екі есе артады. Таңдау нәтижелері 
жақсара түседі. Бес жастағы балалар да фигураны төрт жасар балалар 
сияқты қарап шығады, бірақ олармен салыстырғанда, нұсқаның бір 
ерекше бөлігін тексереді. Таңдау кезіндегі қателер мүлде дерлік 
жойылады. Ақырында алты жастағы балалардың көз жүгіртуі мүлде 
дерлік фигураның нұсқасы арқылы өтеді. Көз жүгірту саны айтарлықтай 
көбейеді. Фигураны таңдауда қателер болмайды.
Заттардың формаларын қабылдау тәсілдеріндегі ұқсас өзгерістер 
фигуралармен сезіну арқылы танысу үдерісіндегі бала қолының 
қозғалыстарын зерттегенде осыны байқауға болады (бала фигураны 
қарап көрмей қолымен сипап көреді). Үш жастағы балалар қолына 
фигураны ұстап сілкіп қояды, бірақ сипап қарамайды. Төрт жаста 
фигураның нұсқасын бір қолымен, бірақ саусақтарымен емес, 
алақанымен сипап қарау әрекеті пайда болады. Бес жасар балалар 
фигураны екі қолымен сипалайды жеке ерекше белгілерін (ойыңқы, 
шығыңқы жерлерін) мұқият тексереді. Алты жастағылар фигураның 
нұсқасын саусақтарының ұшымен біршама толықтай сипалап шығады. 
Мұнда сезіну қабылдауының дамуы көру қабылдауынан кейін 
қалыптасады және оның нәтижелері біраз төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет