Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамыту



Pdf көрінісі
бет84/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамыту
Кеңістікте бағдарлау. Бала сәбилік шақта-ақ заттардың кеңістікте 
орналасуын көру іскерлігін меңгереді. Алайда ол заттар арасындағы 
кеңістік бағыттары мен кеңістік қатынастарын заттардың өзінен 
бөлмейді. Заттар мен олардың қасиеттері туралы ұғымның пайда 
болуы, кеңістік туралы ұғымнан бұрын пайда болады және олардың 
негізі болып табылады.
Кеңістіктің бастапқы бағыттары туралы үш жасар баланың ұғымы 
оның өз денесімен байланысты. Өз денесі оған орталық «есепті бастау» 
нүктесі болады, бала бағытты тек осыған байланысты анықтайды. 
Үлкендердің басшылығымен балалар өзінің оң қолын анық ажыратып, 
дұрыс атай біледі. Ол негізгі іс-әрекеттерді орындайтын қол болып 
саналады: «Бұл қолыммен ас ішемін, сурет саламын, амандасамын. 
Сондықтан бұл оң қол». Дененің өзге бөліктерінің орнын «оң» мен 
«сол» ретінде анықтай білу бала үшін тек оң қолдың орнына катысты 
мүмкін болады. Мысалы, оң көзіңді көрсет дегенде мектепке дейінгі 
кішкентай әуелі оң қолын табады (оң қолын қысып, шетке қарай созады 
т. с. с), тек осыдан соң ғана көзін көрсетеді. «Оң» мен «солы» балаға 
тұрақты секілді көрінеді, ол үшін оң жақтағы нәрсенің басқа бала үшін 
қалайша сол жақта болып шығуы мүмкін екенін түсіне алмайды.
Кеңістіктің басқа бағыттарын да (алда, артта) бала өзіне қатысты 
анықтайды. Кеңістікте бағдарлаудың бұдан әрі дамуында балалар 
заттар арасындағы қатынастарды (бір зат екінші заттың арғы жағында, 
алдында, оң жағында, сол жағында, арасында т. б.) бөле бастайды..
Бір мысал келтірейік. Кез келген бала ата-анасының жанында 
болғысы келеді. Серуенге шыққан Серік пен Меруерт ата-анасының 
қолынан ұстап ортада жүруге таласа бастады. Сонда әкесі оларға: 
«Сен екеуің де ортадасыңдар. Меруерт қарашы сенің оң жағыңда 
мен, ал сол жағыңда Серік інің, ал Серіктің оң жағында сен, ал сол 
жағында аналарың кетіп бара жатыр. Сондықтан сендер екеуің де 
ата-аналарыңның ортасындасыңдар. Көрдің бе қызым біз де қасиетті 
Қ.А.Ясауи кесенесі мен Түркістан қаласындағы үлкен алаңның 
ортасында кетіп бара жатырмыз. Кесене біздің оң жағымызда, ал алаң 
сол жағымызда тұр. Тіпті қасиетті кесененің өзі мына тұрған тұрғын 
үйлердің ортасында орналасқан. Көрдіңдер ме, бізді айналамызда түрлі 


182
ғимараттар мен мекемелер т.б. қоршап тұр. Біз тағы да ортадамыз» 
- деді. Осылайша баланың кеңістікті бағдарлауын қалыптастыруға 
болады. Балада кеңістікті бағдарлау түсінігін жақсы қалыптастыру 
үшін «оң жақта тағы не бар? және сол жақта тағы не орналасқан?, оның 
алдында ше немесе артында, жанында не орналасқан?» деген сияқты 
сұрақтар қою арқылы түсіндіруге болады.
Заттар арасындағы кеңістік қатынастары жөніндегі 
ұғымдардың құралуында және оларды меңгере білуді аныңтауда 
жемісті іс-әрекеттің үлкен мәні бар. Бала текшелерді қадағанда тек 
формалар моделін жасап қана қоймайды, сонымен бірге кеңістіктегі 
қатынастарды да жасайды. Бұл қатынастарды ол сурет арқылы беруге 
де үйренеді, қағаз бетінде адамдар мен заттардың бейнесін белгілі 
тәртіппен орналастырады.
Кеңістік қатынастары туралы ұғымның пайда болуы қатынастардың 
әр түрін баланың бөлуіне және белгілеуіне жәрдем ететін сөздегі 
шартты белгілерді игерумен тығыз байланысты. Мұнда қатынастардың 
әрқайсысында («үстіңгі-төменгі», «артқы-алдыңғы») бала әуелі қосар 
заттың бір мүшесі жөніндегі ұғымды меңгереді (мысалы, «үстіңгі», 
«алдыңғы»), сосын осы түсінікке сүйене отырып, екінші мүшесін 
меңгереді. Бірақ заттар арасындағы қатынастар туралы ұғымды меңгере 
отырып, бұл қатынастарды бала өз тұрғысынан ғана ұзақ уақыт бағалай 
алмайды, есепті бастау нүктесін өзгертуге мүмкіндігі жетпейтін болып 
шығады, егер өзге бір жақтан қарағанда, қатынастардың өзгеретінін де 
түсіне алмайды, мысалы, мұндайда бір жолы алда тұрған зат келесіде 
артта болады, бірде сол жақта тұрған зат екінші жолы оң жақта бола 
алады және т. с. с.
Зерттеулердің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға олардың 
бір тобы отыратын бөлменің макеті берілді де, бөлме ішіндегі жихазды 
кәдімгі бөлмедегідей орналастыру ұсынылды. Әуелі сұлбадағы есік 
орналастырылған қабырға бөліп алынды. Сонымен, бала бөлмені 
күнде өзі көріп жүргендей күйде қабылдады. Сосын тапсырма екінші 
рет ұсынылды, бірақ бұл жолы сұлбалар терезелер орналасқан қабырға 
бөлектенді. Бала енді бөлмені әдеттегіден өзгеше жақтан қабылдауға 
тиіс болды.
Бірінші тапсырманы орындау тіпті төрт жасар балалардың өзіне де 
қиынға соққан жоқ. Ал, екінші вариантта тапсырманы орындап шығуға 
олардың мүмкіндігі жетпеді. Мектепке дейінгі естиярлардың кейбір 
бөлігі, мектепке дейінгі ересектердің үштен бірі бұл жағдайларда 
жихазды тұратын орындарына дұрыс қойып шықты. Бұл жолы балалар 
кеңістік қатынастарын жихаздың нақтылы орналасуын көрсететін 


183
сөздермен белгілеп берді. Сонда мектепке дейінгі ересектердің бірінің 
жихазды қойып жатып айтқаны; «Гүл қойылған сөре терезелердің 
арасында тұрды, олай болса мына жерде (қойып берді) тұрады, ал 
пианино оның жанында, ал бұрышта... (ойланып қалды). Ие, оң жақ 
бұрышта таладидар қатарында, есіктің жанында дөңгелек үстелше 
тұрады. Бірінші үстелшеде мен отырмын, ол терезеге бәрінен жақын 
көрінеді. Міне, осы арада... жоқ, мен терезеге қарап отырамын ғой, 
ендеше мынау арада алдыңғы жақта тұруы керек».
Сонымен, тек мектепке дейінгі шақтың соңында ғана (онда да 
балалардың бәрінде емес) өзі тұрған орынға қарамастан кеңістікте 
бағдарлау, есепті бастау нүктесін өзгерту іскерлігі қалыптасады. Әйтсе 
де, мұндай бағдарлау заттардың арасындағы кеңістік қатынастарын 
балалардың өздері өзгертіп, оларды түрлі тұрғыда қарастырып және 
сөзбен белгілеп оқытудың көмегімен ғана біршама оңай қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет