29
көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді роль атқарды. Ал керейлердің бір
бөлігі батысқа,
Еділ бойына ұмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды,
кейін осы атаумен олар өзбектер мен қырғыздар құрамына енсе, аз бөлігі қазақтар құрамына
кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына
Керей (Қара – Керей, Абақ - Керей) атауымен енді, сөйтіп бұрынғы “Кереит” деген этноним
атауындағы “т” жалғауы алынып қалды.
Керейлер мен наймандар әлеуметтік – саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар
дербес мемлекеттік құрылым – ұлыстар болып ұйымдасып, ал ұлыстар болса, хандар әулеті
бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық – тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары
тұрған. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері
күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы
бар басқару аппараты жұмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың
әлеуметтік жіктелуі
мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар ұлысының
құрылуымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: