Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С



Pdf көрінісі
бет16/69
Дата28.03.2023
өлшемі1,82 Mb.
#76800
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
Байланысты:
Тарих кітаппп

Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері 
Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда 
болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. 
XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық 
Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болды. Ғалымдар “найман” терминінің мәні моңғол тілі 
тұрғысынан алғанда конфедерацияға енген тайпалар санына қарап “сегіз” деген сөзді 
білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы 
туралы мәселе әлі күрделі. Зерттеушілердің арасында бұлардың тілі туралы әртүрлі пікірлер 
бар. Кейбір ғалымдар бұл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі 
тілдес дейді. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми 
әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. 
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон 
аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан 
Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. 
Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, 
солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген 
керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. 
Осы тайпалармен және ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап тұрған. 
Наймандар, әсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси және мәдени байланыста 
болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп 
қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден 
бастап, олар “найман” деген атпен белгілі болған. Наймандар Бұйрық және Беткін деген екі 
үлкен тайпалардың бірлестігінен құралған. 
Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың 
құрылуымен қатар жүрді. “Ұлыс” деген сөз ол кезде “халық” деген ұғымды білдірді, әрбір 
ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Хан 
ордасы, ұлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Әрбір 
ұлыстар ондық бірліктер бойынша, әскери жүйемен сарбаздар жасағын құрған.


28 
Ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы 
бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін адамдар да болған. Іс ұйғыр жазуымен 
жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген. 
Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл 
наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-
мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен 
Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті құрылғаннан кейін (907-1125 жж. құрылып, өмір 
сүрген), наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тәуелсіздік 
алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың аяғы - 
XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даянхан мен 
Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды 
талқандады. Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған әскерін жинап, Қидан мемлекетіне 
барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілін таба біліп, наймандардың шашырап 
кеткен әскерінің басын қайта біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде 
Хорезмшах Мұхаммедтің әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды. 
Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын 
Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар иеліктеріне қарсы әскери 
қимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап 
қалуына байланысты кері шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып 
кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл 
Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет