Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет76/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

ХІІІтарау. ОЙЛАУ
§ I. Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы
Адамның өз өмір-тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді.
Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар коршаған ортамызда бізге әлі
де беймәлім құбылыстар мен сыры: ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді, Соған орай, біз дүниенің сыр-
сипатын ұғьшу үшін заттар мен кұбылыстардың өзара қатынастарыньщ құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып
керсетуді мақсат етеміз. Міне
э
осындай мақсат-мүлделерге жету жолында әрбір адам өзіяің іс-әрекетінде заттар мен
құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің,
шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені таньш білу де шексіз. Адамның
132


ойы сол шексіз әлемдеғі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойданып-толғанғанда өзіне
беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп
шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді-
Сонымен, ойлау дегеніміз ~ әлеуметтік жағдаймен ұштаскан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол
арқылы болмыстың дүниедегі нәрселердік жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойынын, талдау және
біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтканда, ойлау — сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама
жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірнбесі мен практикалық іс-әрекеттері
нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінек әлдеқайда асып түседі.
§ 2. Ойлаудын сезімдік таныммен жәие тілмен байланысы
Дүниетану тікелей сезімдік процестер — түйсіку, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай
өрбиді. Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер — түйсіну, қабылдау, елестетумен байланысты.
Елес — заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі — сезімдік танымнан абстрактылы
ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танып білуінің шындығы және оның санамызда
бейнеленуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе, сондай-ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту
жолындағы іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады.
Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттеірін, сол қасиеттердің
жиынтығы арқылы нәрседердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестеді. Дегенмен, адам
тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгі-қасиеттері мен мән-жайына терең бойлап, жете танып біле
алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау және де затгар мен құбылыетардың өзара байланыстарын, бір тектес
нәрселердің жалпылық белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады Мысалы, заттардың, әсер
еткен нәрселердіа “ылылығын, оның температурасын тек жанама әдіспен, термометр арқылы ғана анықтауға болады ' Ал
ондай жылылықты тері түйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау оңайға түспейді.
Ойлау арқылы танып білу тікелей сезімдік процестерге негіз-делгенімен, олардың көптеген ерекшеліктерін тікелей
сезім арқылы тану мүмкін емсс және олардың мән-жайы айқын бейнеленбейді Мысалы, осы заманғы физика ғылымдағы
аса күрделі проблемалар-дың бірі —өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория. Мұндай өте майда типті, жай
көзге көрінбейірін бөлшектерді микроскоппен де көре қою қиын. Біз осы бөліктерді тек ойлау арқылы ғана пайымдап
133


білеміз. Абстрактылы дерексіз және жанама ойлану нәтижесінде сондай өте ұсақ бөліктердің бар екендігіне көз
жеткіземіз, олардың өзіндік қасиетгері болатындығын аңғарамыз.
Сөйтін, тікелей таным процесі арқылы танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау аркылы біле аламыз. Ойлаудың
өрісі кең. Түйсіну арқылы қозғалыс жылдамдығын қамту мүмкін емес, Мысалы, бір секуктте 300 000 км шапшаңдыкпен
таралатын жарык қозғалысын туйсіну арқылы қамту мүмкін болмаса да, ой аркылы пайымдап түсінуге болады. Біз 1
секунтта 50 000 км шапшандықпен ұшатын планетааралык, ғарыш кемесін ойлау арқылы түсіне аламыз, өйткені, ол
жарык жылдамдығынан 6 есе кем, Ал мұндай шапшаңдықты, әрине, елестету арқылы білу мүмкін емес. Әрбір адамның
шындық-ты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір-біріне ауысъш, өзара байланысты түрде адам танымын
толықтырып отырады. Осы ретте де біз ойлаудың нақты нәрседен абстрактылы нәрсеге ауыс-қанда ақиқаттан
алыстамай, қайта оған жақындай түсетінін аңғарамыз. Сөйтіп, нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан
тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет