Нурафина иждагат шолтыровна


ТОПОНИМДЕРДЕ ТҰРАҚТАНҒАН СӨЗДЕР ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Нурафина-География

ТОПОНИМДЕРДЕ ТҰРАҚТАНҒАН СӨЗДЕР ТАРИХЫ
Зерттеу жұмысымызда тағы да бір қосымша қарастыратын мәселе – жер-
су атауларының атаулары, тарихы. 
Топонимика – жер бетіндегі объектілердің тілдік құрамын, мән-
мағыналарын қарастыратын ілім. 
Топонимика өзінің сипаты жағынан тілдің тарихи лексикасына жақын.
Қазақстан топонимдері өздерінің құрамы, құрылымы, компонентірінің
тіркесу сипаты және тілдік бітімі жағынан мынадай бес түрлі қабаттардан
қалыптасқанын атап өтуге болады:

ежелгі тілдер элементтерін сақтап келе жатқан тым көне қабаттар
(санскрит, үнді-иран тілдері элементтері: тал, ар, бал, сар, гар, канн
және –ын, -ін, -үн қосымша түрлері);

шартты түрдегі түркі-моңғол тіл бірлестігі элементтерін сақтап келе
жатқан көне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, көк, бай, тоғай және
–ас, -ес, -аш, қосымша түрлері);

түркі тіл қабаттары немесе түркі тілдер семьясы құрамының
ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (й-шыл, ч-шыл, ж-шыл, дь-шыл
тілдер және –ты, -сы қосымша түрлері);

осы күнгі түркі тілдері ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (қаза,
қырғыз, алтай, қарақалпақ, башқұрт, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан,
өзбек т.б);

орыс тілі негізінде топонимикалық қабаттамалар, яғни Э.М.Мурзаевтің
айтуынша «ең үстіңгі қабат». Осы қабаттағы ономаларды салғастыра
зертеу алда тұрған үлкен сәселе. Ондай зерттеулер өзінің
методолоиялық жағынан да лингвистиканың іргелі мәселелерін
қозғаған болар еді: қазақ тілі мен орыс тілінің социологиялық,
методологиялық және басқа да қарым-қатынасын салыстыру, сол
арқылы олардың типологиялық ұқсастығын және бір-бірінен
айрылатын жақтарын анықтау сияқты күрделі мәселелерді қамтыр еді.
Мысалы: Баянауыл – тау аты, сол таудағы (авла) үңгірдің де аты,
сондай-ақ ауданның, селоның аты (повладар обл). 
6


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жергілікті елдің аға буын ұрпақтары көбіне Баянаула нұсқасын
қолдайды. Этимологиялық мәні толық ашылмаған, бірақ Баянауыл
топонимін төркіндетпек болғандардың дені: көне түркі-моңғол тілдерінің
«бай тау», «баянды тау» мәніндегі атауына балайды. «аула» немесе «ауыл»
тұлғалары моңғол тілінің оло-тау түріндегі сөз деседі олар. Бірақ «оло»
сөзі кейбір түркі тілдерінде «ұлы» сөзінің фонетикалық көрінісі ғана.
Дамба – Оңтүстік Қазақстандағы мекен аты және Гурьев облысындағы
селоның аты. Неміс тіліндегі,бірақ орыс тілі арқылы келген дамба
«үйінді,бөгет»(су байлайтын бөгет) мәнін беретін сөз. Қазақтың
бөгет,бөген байлама , тоспа сөздеріне пара-пар.
Күрчүм – өзен, аудан аттары. Көне түркі тілінде («от»)және чім
(«жем»)сөздерінен қалыптасқан атау.Мағынасы :»отты-жемді»( жер).
Ресей ғалымы Мұрат Аджидің «Полын половецкого поля» кітабында
Киев қаласын 5 ғасырда ғұндар (түркілер) салғанын , оны «күйеу»(зять)
деп атағанын, сонымен бірге Тула қаласы аталымы «толы» деген сөзден
шыққанын, Брянск – биринчи – бірінші, Орел-өр иол-өрге барар жол
мағынасын бергенін дәлелдегеніне көз жұмып қарау да орынсыз.
Сонымен бірге біздің «Азов теңізі» деп жүргеніміздің түп-төркініне
үңілсек, «азов» дегеніміз «азау» сөзі екенін, шыныда бұл теңіздің көлемі
басқалардан шағын, аз болғандығына байланысты осы аталым
қолданғанын неге ұмытамыз?! 
Тіпті, оның қасындағы түбектің «қырым» деп аталуына қыр-шет ұғымы
негіз болғанын, оған іргелес елдің Украина аталуы да «У края» деген
тіркеспен, яғни қыр шетінде, қыр маңында мағынасымен байланысты
екенін ескермеуге бола ма? 
Сондай-ақ І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында былай
делінеді: ...«Осылай шалқи қалған Қазтуған Қалқа ұрысын айтқанда кенет
«әттең, әттең!»деп күңірене күбірледі.» Калка ұрысы деп аталып кеткен
монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы Рашид-ад-Дин жазады: ...Калка
өзенінде орыс пен Қыпшақ әскерінің жеңілуінде анығында екі себеп
болған-ды.»
Осы мысалдан көріп отырғанымыздай Калка өзені, Калка ұрысы деп
еніп кеткен. Бұл – қазақтың «қалқа» деген сөзінің дыбыстық өзгеріске
ұшырауы.
Демек әр кезде басқа тілдерге ауысқан түркілік сөздерді сараламай
тұрып, халқымыздың көне дәуірде және орта ғасырларда да ғылымы
мәдениеті жағынан алдыңғы қатарда болғанын зерделей алмас едік. 
7


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет