«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ороним - жер үсті қабатындағы нысандарының: тау, қырат, шың
атаулары. Мысалы: Алатау,
Хан Тәңірі, Алтай, Орал, Қаратау.
Спелеоним - жер асты қабатының нысандарының: үңгір, құдық, жар,
лабиринт, сифон, жер асты өзен атаулары.
Хороним - кез келген территория, аймақ, облыс, аудан атауы. Мысалы:
әкімшілдік, қалалық, табиғи хоронимдер, Шығыс Қазақстан, Орта Азия,
Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы.
Агроним - жер бөлімшелерінің атауы.
Гидроним - су нысандарының атауы.
Потамоним - өзен атауы.
Лимноним - көл, көлшік, тоған атаулары. Мысалы: Балқаш, Сасықкөл,
Алакөл, Жалтыркөл.
Гелоним - саз, батпақ атауы.
Океаноним - мұхит не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Атлант
мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты.
Пелагоним - теңіз не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Каспий теңізі,
Арал теңізі.
Пегоним - бұлақ атауы.
Топонимика нысан ерекшеліктеріне байланысты келесідей бөлінеді:
Ойконим - елді мекен атауы.
Астионим - қала атауы. Мысалы: Москва, Варшава, Прага, Вышний
Волочек.
Урбаноним - қалаішілік нысан атаулары. Мысалы: агороним - алаң
атаулары, годоним - көше атаулары, хороним, эмпороним-дүкен атаулары.
Комоним - ауылдық елді мекен атауы. Мысалы: Кеген, Нарыңқол,
Қарасу, Жекекөл.
Дромоним - кез келген байланыс жолдары, жер үсті, су, жер асты, әуе
қатынас атаулары. Мысалы: Жібек жолы, Қасқа жол.
Некроним - жерлеу орындары: зират, бейіттер мен молалардың атауы.
Мысалы: Кеңсай, Ваганьковское кладбище.
Дримоним - орман, алқап, тоғай атауы. Мысалы: Роща, Баума,
Беловежская пуща.
Инсулоним - арал атаулары.
11
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Экклезеоним - ғұрыпты өткізу орындары
мен кез келген дінге бағну
орындары монастырь, шіркеу атаулары. Мысалы: Орталық мешіт,
Никольская церковь.
Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не
мөлшеріне
қарай
макротопонимдерге,
мезотопонимдерге,
микротопонимдерге бөлінеді.
Макротопоним - ірі физикалық-географиялық объектілерінің: тау
жоталары, үлкен ойпаттар,
мұхиттар, т.б. атаулары. Мысалы: Сарыарқа,
Ақжайық, Нарын, Бетпақ дала, Қызылқұм.
Мезотопоним - жеке таулар, теңіздер, т.б. атаулары.
Микротопоним (шағынтопоним) - кең қауымға беймәлім географиялық
объектілердің:көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б. атаулары.
Эндоним - жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық
нысандарға берген атаулары.
Экзоним - сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген
атаулары.
Этнотопоним - этнонимдердің қатысымен қалыптасқан жер-су атаулары.
Мысалы: Қалмаққырған, Қоңырбұлақ, Базар, Шүршүтсу.[4]
12