ГЕОГРАФ ҒАЛЫМДАРДЫҢ
ТОПОНИМИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
ХІХ ғ. Орыс Географиялық қоғамы топонимикалық зерттеулерге назар
аудара бастады. Сол кезеңдегі географиялық және этнологиялық
еңбектерде географиялық атауларды жинақтау, оларға этимологиялық
талдау жасау, жергілікті халықтардың топонимдерінің орыс тіліндегі
транскрипциялануына қатысты мәселелер көтерілді. П.П. Семенов Тянь-
Шанский, Г.Н. Потанин, В.В.Сапожников және басқа ғалымдар жергілікті
географиялық атауларды жинақтап, олардың мағыналарын шығу тегін
түсіндіруге тырысты.
Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген
П.П.Семеновтың “Россия империясының географиялық-статистикалық
сөздігінде” көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық
терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшадан
аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі
топонимика ғылымы үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен
ғана емес, объектінің георафиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен
де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге,
мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Осы кезеңде Қазақстан аумағын аралаған саяхатшылар, картаға түсірген
ғалымдар жергілікті қазақ атауларының транскрипциясын дұрыс
бермегендіктен, географиялық әдебиеттер мен карталарда бұрмаланулар
орын алды. Бұл бұрмаланулар соңғы 10-15 жыл көлемінде қайта қаралып,
өзгертілуде.
Ал Қазақстан аумағындағы көне және қазіргі заманғы түркі
топонимиясы зерттеуде В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың және т.б. қосқан
үлесі зор болды. Академик В.В. Радлов өзінің «Опыт словаря тюркских
наречий» (1895-1911) атты кітабында түркі лексикасындағы
топонимикалық және терминологиялық ақпараттарды жинап, өңдеген. В.В.
Радлов көптеген түркі терминдері мен топонимдеріне түсінік берген.
А.Н.Кононов дүние бөліктері терминологиясымен айналысты. Өз
еңбектерінде ол географиялық терминдегі «қара» және «ақ»
аппелятивтеріне семантикалық сипаттама берді. Топонимика үшін
ғалымның түркі халықтарының көкжиек бағыттарын анықтау әдістеріне
қатысты зерттеулерінің де маңызы зор.
34
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Орыс ғылымында топонимиканы зерттеу осыдан екі жүз жыл бұрын
басталуы. Екі ғасыр ішінде орыс топонимдерінің зерттелуі есейіп, үлкен
табысқа жетті. Сондықтан мол тәжрибесі мен өнеге көрсетер үлгісі бар
орыс топонимикасынын зерттелуіне қысқаша шолу жасауды жөн кердік.
Топонимдердің зерттеу мәселесі ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан
басталады. Географиялық қоғамның этнография бөлімін басқарушы,
атақты сыншы жіне этнограф Н.И. Наежнин топонимдерді зерттеу
мәселесіне көңіл бөлген. Сол сияқты К.А.Неволин де 1853 жылы ХҮІ
ғасырдыға новгород жазуы мен оның тарихы жөнінде үлкен еңбек жазған.
Орыстың география қоғамы «Үлкен сызу кітабын» зерттеді. ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы топонимикалық зерттеулер этимологиялық талдауға,
географиялық атауларды жинауға және ұлт топонимдерін орыс тілінде
транскрипциялау мәселесіне арналды. П.П. Семенов Тянь-Шанский,
Г.Н.Потанин, В.В.Сапожников, А.Н.Весонов, В.Ф.Ошанин т.б. ғалымдар,
саяхатшылар топонимерді жинап қана қойған жоқ, олардың этимологиясы
туралы да пікір айтты. Проф. Ю.М.Шокальскийдің басқаруымен орыстың
география қоғамының қасынан географиялық атауларды жазу жөнінде
транскрипция комиссиясы құрылды.
Кейінгі кезде географиялық атаулардың этимологиялық сөздіктері шыға
бастады. Олардың қатарына В.Ю.Турусманның, Г.Ф.Ганның,
Э.М.Житковтың, А.Н.Сергеевтың, А.Орловтың, А.А.Ивановскидің
сөздіктерін жатқызуға болады. Қазан төңкерісіне дейін топонимика
жөнінде біраз еңбектер жазылып, көп материалдар жиналды.
Бірақ төңкеріске дейінгі география, тарих ғылым өкілдерінің жасаған
этимологиялық талдауларында тіл факторларына жете көңіл бөлмеу
салдарынан кейбір кемістіктер де болды. Топонимикалық зерттеулер
жүйелі түрде болмады. Көбіне әр түрлі ғылым өкілдерінің еңбектерінде
жол жөнекей айтылды. Осыған қарамастын төңкеріске дейін топонимдерді
жинау, оны пайдалануға керекті құнды жақтары мол екенін ерекше атап
өту керек.
Топонимиканы зерттеу жұмысы қазан төңкерісінен кейін де қолға
алынды. Топонимика мәселелері мен әрбір республикалардағы Ғылым
Академиясының ғылыми зерттеу институттары шұғылданып отыр.
Топонимиканың үлкен теориялық мәселелерін көтерген еңбектердің
қатарына
В.П.Семенов
Тянь-Шанскийдің,
А.М.Селищевтің,
Э.М.Мурзаевтың, И.И.Шишкиннің, Б.А.Серебренниковтың жұмыстарын
жатқызуға болады.
35
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ұлт аудандарының және шет тілдерінің топонимдерін орыс тілінде
транскрипциялау мәселесі бүкіл жұртшылықтың көптен көңіл аударған
мәселесі болды.
1813-14 жылдары қазақ жерін аралаған Ф.Назаров ОҚО аумағындағы
кейбір географиялық нысандар туралы деректер қалдырған. Созақ туралы
саяхатшы “Созақ 500 тас үйден тұрады. Биік жерде орналасқан, қала
ішінде бұлақтар көп” деп жазған. Ал Шымкенттің Бодам (Бадам) өзені
жағасында биік жерде тұрғандығын, биік қабырғамен қоршалғанын
жазады. Саяхатшының қаладағы “үйлер негізінен күйдірілмеген кірпіштен
салынған, қытайлардың үйлері сияқты терезелері болмайды” деген
ескертпесінің маңызы зор. Ал Сарысу өзеніне қарай жүргенде, саяхатшы
суы қызғылт түсті бұлақтар маңында тоқтағандықтарын, осы маңда
құландардың үлкен үйірін кездестіргенін жазады.
Қазақ жері туралы жан-жақты географиялық мәліметтер П.И. Рычковтың
1832 ж жарық көрген “Орынбор губерниясының топографиясы” атты
еңбегінде берілген. Еңбекте аты аталған георафиялық нысандарға қысқаша
сипаттама берілген. Ғалым Сарысу өзенінің Сырдарияға жетпей, құмға
сіңіп кететіндігі, бұл өзенннің бойында құландардың үйірімен жүретіндігі
жайлы топонимика үшін құнды деректер бар.
Қазақстанда топонимдерінің шығу тегі мен мағынасына қатысты
жекелеген мәліметтер ресейлік және отандық тарихшылар мен
лингвистердің еңбектерінде кездеседі. Олардың қатарында С.П.Бартольд,
А.Левшин, И.А.Кастанье, С.П.Толстов, Ә.Марғұлан, А.Н.Бернштам,
С.Г.Кляшторный, К.Ақышев, К.Байпақов, Ә.Абдрахманов, Е.Қойшыбаев,
В.Н.Попованың зерттеулерін атауға болады.
Қазақстан географиялық атауларының зерттелуі туралы айтсақ
Қазақстан топонимдері төңкерістен бұрын екі салада сөз болды.
Біріншіден Қазақстанда болған ғалымдар, саяхатшылар, географтар
ұазақ топонимдерін жазып алып, оларды картаға, ғылыми әдебиетке
енгізді. Сол кезде кейбір адамдардың географиялық атауларды орыс тілінде
дұрыс жазуға мән бермей, картаға, әдебиетке бұрмалап енгізуі орын алды.
Екіншіден геграфиялық атаудар Орта Азияны және Қазақстанды
зерттеуде үлкен ғалымдардың еңбектерінде сөз болды. Мысалы проф.
П.Мелиоранскийдің «Паматник в честь Кюль-Тегина» деген еңбегінде
бүкіл түрік жүйелі тілдерге қатысы бар ҮІ-ҮІІ ғғ. орхон-енисей жазуы,
ондағы географиялық атаулар да сөз етілді.
36
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |