ЖЕРДІҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАРЫ
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы
мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын,
таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін,
жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл
гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады,
яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
•
семантикасы (мағынасы);
•
жасалу жолдары;
•
этимологиясы.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының
деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды.
Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің
топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін географиялық
нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау
жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар,
теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді.
Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады.
Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен
эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды,
көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай
мағлұмат береді. Топоним дердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық
жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ
тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б.
ғалымдар зерттеген.
8
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Географиялық атауларға және олардың семантикалық мазмұнына деген
қызығушылық адамзат өркениетінің қалыптасуының ең ерте кезеңдерінде
туындады. Ежелгі Египеттегі мәтіндерде топонимдер сипатталып,
жіктелген, бірақ бұл атаулар көбінесе мифологиялық сюжеттермен
байланысты болды. б. з. I ғ. топонимикалық ақпаратты ғылыми түрде
қолдануға алғашқы әрекеттер жасалған. Оңтүстік Испаниядан шыққан,
ежелгі ғалым Помпононь Мела «De situ orbis», сондай-ақ «Хорография»
атымен танымал, жұмысында алғашқы рет топонимдерді ғылыми құрал
ретінде қолданды. Белгілі бір тілге жататын географиялық атаулардың
негізінде автор өзінің туған жері - оңтүстіктегі Лузитан мен Селтик
аймақтарының шекараларын анықтауға тырысты.
Бұл жұмыста автор географиялық атаулардың испан немесе басқа
тілдерге тиесілігі негізінде, өзінің туған жерінің Лузитан мен Селтик
аймақтарының - Иберий түбегінің оңтүстігінің шекарасын анықтауға
тырысты. Сонымен қатар, топонимикалық деректерге деген ғылыми
көзқарасты ортағасырлық Шығыс ғалымдарының шығармаларында да
байқауға болады. Олардың қатарында: армян ғалымы Мовсес Хоренатси
(VII ғасыр), Орталық Азия зерттеушісі және энциклопед Әбу Райхан әл-
Бируни (X-XI ғасыр), түрік географы және тілші Махмұд Қашқари
(XI ғасыр). Бұл ғалымдар топонимдердің этимологиясын ғылыми түрде
түсіндіріп, Азияның гидронимдерінің қызықты түсіндірмелерін қалдырды.
Алайда, ортағасырлық әртүрлі дерек көздерінде кездесетін жеке
топонимдердің түсіндірмесі көбінесе спекуляцияға негізделген, өйткені
топонимикалық заңдардылықтарды анықтауды әдістері әлі де болмады.
Географиялық атауларға ғылыми географиялық ақпараттың маңызды
көзі ретіндегі қызығушылық Ресейде XVIII ғасырда пайда бола бастады.
Топонимдік бағыттағы зерттеудің негізін қалаушы, топонимияны
географияның элементі ретінде қарастырған тарихшы және географ - В.Н.
Татишев. Топонимикалық деректер географиялық зерттеулерде XIX
ғасырда кеңінен қолданылды. Ең алдымен, Н.А. Надеждиннің «Ресей
әлемінің тарихи географиясының тәжірибесі» (1837) топонимикалық
материалға негізделген жұмысын айтап өткен жөн. Автор топонимикалық
жоспарды тарихи-географиялық зерттеуде картографиялық әдісті қолдану
қажеттілігі мәселесін көтереді. Ол сондай-ақ кейіннен қанатты болып
кеткен: «Топонимика - бұл Жердің тілі» дәйексөзінің авторы.
Топонимикалық зерттеулер А.Х. Востоков, М.А.Кастрен, Я.Кроттың
сиақты академиктердің шығармаларында қарастырылады.
9
|