ӨЗГЕРГЕН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттык жадымыз. Атаулар кез келген
елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітіміне, халықтын тұрмыс-тіршілігі
мен шаруашылығынан, салт-дәстүрінен, тілі мен дінінен хабардар етеді.
Осы жер-су аттары мағлұматтарға толы су мен жер шежіресі, өткен
заманның хабаршысы іспетті. Халқымыз басынан өткергсн нешс түрлі
қилы замандар асыл мұрамызға өз залалын тигізгені анык.
Еліміз егемен болып, тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекетіміздің
топонимикасына да тәуелсіздік берілді. Өйткені. географиялык атауларды
бұрьнғы калпына кслтіріп. оларды өзгертілген жер-су, елді мекен аттарын
байырғы тарихи атауларымен атау, транскриппиясы бүрмаланған немесе
қате жазылған жер-су атауларын калпына кслтіру, байырғы атаулары
үмытылған немесс атаулары отаршылдық-тоталитарлық сипаттағы слді
мекеңдерді кайта атау тәрізді жүмыстар жаксы каркынмсн жүргізілуде.
1991—2005 жылдары аралығында республика бойынша 3 облыстың,
12 қаланың, 53 ауланның, 7 аудан орталығының, 43 темір жол, 957 ауылдық
округтсрдін аттары озгертіліп, 3 облыс, 12 кала, 13 аудан, 5 кснт, 4 станция,
6 ауыл атауларының орыс тіліңдегі транскрипциясы нақтыланды. Мәселен,
Целиноград облысы — Акмола облысы, Шевченко, Гурьев сиякты
калалардың аттары Актау, Атырау болып озгертілді. Сондай-ак, Актөбе
облысындағы Челкар каласы Шалкар каласы болып, ал Павлодар
облысындағы Качир ауылы Қашыр ауылы болып, Шарбақты ауданындағы
Щербакты Шарбақты ауылы етіп озгертілді.
Ауылдар мсн кенттердің, баска да жср-су атауларының транскрипциясы
казак тілінің нормасына сәйкес түзетіліп, калпына келтірілді.
Қазакстанның осынау кең-байтак жеріндегі әрбір тау мен тастың, озен мен
келінің, ой мен кырының, ор жайлау-кыстауынын байырғы өз атауы
болған. Алайда казіргі тәуелсіз Қазақстанда сонау отаршылдык ксзеңнің
немесе тоталитарлык заманның көптеген атауларының әлі де рсттелмсуі біз
үшін үлкен сын сиякты. Сондыктан да еліміздегі жер-су аттарындағы
бұрынғының калдығын жойып, атауларды тарихи түрғыдан калпына
келтіру керек.
21
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерген атауларын мынадай етіп
топтастыруга болады.
1. Қайтадан колданыска оралған бүрынғы тарихи атаулар.
2. Бұрынгы атаулары белгісіз елді мекендерге берілген қазақы жаңа
топонимдер.
3. Транскрипциясы өзгертілген атауларды калпына келтіру.
Қайтадан қолданыска оралған бүрынғы тарихи атаулардың біразы кала,
калашык, кент аттары болса, басым көпшілігі ауыл, село атаулары.
Олар: Целиноград — Акмола, Жамбыл — Тараз, Мокринское —
Жаңажол, Панфилои — Жаркент, Октябрск — Кандыағаш, Ермак — Аксу,
Приозерный - Тұғыл, Факсево — Сарыкөл, Қызылту — Аксай, Большевик
— Жиенқұм, Ворошилово — Қарасу, Ленин — Жәрмеңке, Калмыкова —
Тайпак, Котельникова — Алмалы, Калинин — Егіндібұлак, Раздольное —
Сарыөлсң, Успенка — Акжайлау, Комсомол — Жетіарал, Архиповка -
Қайнарлы, Маралиха — Маралды, Пржевальское — Сарытерек, Маковка
— Салқынтобе, Громовка — Коңырбиік, Мсдведка - Белкарағай, Комсомол
— Тоғанас, тағы баскалар. Қазакстанның солтүстік өңірлеріндсгі
атаулардың барлығы дерлік орыс тілінде. Ольгинка, Фсдотовка,
Рождественка, Тарасовка, Сазанонка, тағы басқалар. Бұл атаулар
патшанын, қазақ офицерінін тегіне, христиандардың діни мерекесіне орай
койылған атаулар. Оған дейін елді мекеннің Сарыбие, Қоғалы, Кокжал,
Қосаба, Сапар дейтін тарихи атаулары болған. Міне, осы тарихи атауларын
неге өздеріне кайтарып бермееке.
Бұрынгы атаулары белгісіз елді мекендерге берілген қазақи, жаңа
топоиимдердің өмірге келуі ұлттык топонимияны тын сатыға көтсреді.
Батыс Қазақстан облысынын солтүстік аудандарында XVII ғасырда орыс
қоныс аударушылары орыс қазақтары көшіп ксліп, коныстанған жсрлеріне
оздерінін атауларын беріп, бүрынғы тарихи атаулары жойыльп кеткен еді.
Міне, осындай бұрынғы атаулары бслгісіз жерлерге, елді мекендерге
қазақша атаулар бсрілді. Мысалы, Таскала ауданындағы Степной ауылын
енді Оян деп атайды. Ал, Чапаев — Нүрлы, Қрушино-Канапа — Жаңаауыл,
Жымпиты — Сырым, Акжайык ~ Еңбек, Фурманова — Жалпақтал, Порт
Артур — Ақпәтер, Ленин — Жәрмеңке, осы сияқты өзгерген атаулар
көптеп кездеседі. Сонымен бірге Шығыс Қазакстан облысындағы
Тарбағатай ауданындағы Крупская атауы қазақ батыры Қабанбай есімімен
аталады.
Ерлікті, елдікті дәріптеп койған бүл атау патриоттық тәлім-тәрбиемен
22
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ұштасып жатыр. Осы ауданның Комсомол ауылы Кәкенталды деп аталады.
Такыр жерде орналаскан шағын ауылдың маңына тал сгіп көрксйткен
Кәксн есімді азаматтың сңбегі нәтижесіндс пайда болған әссм жер қазір
Кәкеңталды аталып, ксйіннен, ауылдың атына айналды.
Зайсан ауданының Рожков ауылы 1990 жылғы жер сілкінісінің эпицснтрі
болған еді. Зілзала апатынан өмірден қайтқан жас сәби Біржанның есімін
ауыл түрғындары елді мекенгс атау еткен болатын. Сол сиякты Шортаңды
мен Көкшетау қалаларының ортасындағы Александровка елді мекені қайта
салынып жаңа ауылды жаңаша атау керек болған тұста көптеген дау
туындаған еді. Ауылды Қылшакты өзенінің жағасында болғандықтан осы
өзсн атымен немесе Жамантұз кеңшарының орталығы болғандыктан
кеңшар атымен атау ұсынылған еді. Ал Қылшактының шығыс
жағалауындағы жотада кезінде Абылай ханнын ставкасы тұрған.
Осы өңірдің кариялары осы жсрді әлі күнге дейін Ханск деп атайды.
Кейіннен, бұл мскен Жана Александровка болып аталады. Осы өлкеде
өтксн Кенесарының 190 жылдығына орай ол Кенссары ауылы болып
өзгерген еді. Бүркітті тауының баурайындағы Фрунзе ауылы Абылай хан
аталды. Әлбетте отаршылардың бодан елдің, ең алдымен. жазу-сызуын
жойып, жер-су атауларын өзгертуі баяғы заманнан жалғасып келе жаткан
жауыздык. Патшалык Ресейдің бүл зұлым саясаты кеңес дәуірінде одан
ары жалғасып, әсіресе, тың игеру кезінде оршіп кетті.
Қазакстанның жер-су аттары аяусыз бүрмаланып орыс атаулары көптеп
енгізітген еді. Осындай саясаттан зардап шеккен аймактардың бірі
Қостанай облысы соңғы жылдары Әулиекөл, Жетікөл, Мендікара және
Үзынкөл аудандарының бүрынғы атауларын қалпына келтіріп, игі істерге
бастама болды.
Қазақ жер-су аттарын транскрипциялау мәселесі бүгінгі күнге дейін
шешімін таппай келгені баршаға аян. Мысалы, Ақмола облысындағы
Қотыркөл ауылы Катаркол болып өзгертіліп, осы аттас аудан, көл аттарына
да өзгерту енгізілген еді. Ендігі жердс бүл атаулар қазақ тілінде айтылуына
карай транскрипцияланатын болды. Енді осы атаулардың біразына токтала
кстейік. Алма-Ата - Алматы, Кокчетав -Көкшетау, Кустанай - Қостанай,
Джезказган - Жезқазған, Чимкент -Шымкснт, Челкар ауданы — Шалқар,
Челкар қаласы — Шалқар, Батамша ауылы — Бадамша ауылы, Джаныбек
ауданы — Жәнібек, Джаныбек селосы - Жәнібск, Қачир селосы -Қашыр,
Щербакты селосы — Шарбақты болып өзгертілген.
23
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |