Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Нурафина-География

«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Топонимдерді зерттеудің ғылыми маңызы жоғары. Топонимиканың
тарих ғылымдарындағы маңызы географиялық атаулардың кейбір
халықтардың таралу ареалын анықтаудағы, тарихи оқиғаларды қалпына
келтірудегі рөлімен түсіндіріледі. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің
ең негізгі касиеті-олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар
адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер
береді.Жер, су, теңіз, өзен, көл, таулардың жалқы атаулары сол жерден
ертеде өмір сүрген халықтың тілінен алынған. Бұл атаулар әлгі халықтар
сол жерден басқа жаққа кетіп, орнына басқа халық келсе де, алғашқы
қалпында сақталып, ғасырлар бойы өмір сүреді.
Мысалы, география атаулардың құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі
заманда қандай тайпалар, халықтар мекендегенін анықтауға, олардың
өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған жерінің
шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру бағытын шамалауға, сауда
жолдарын т.б. білуге болады.Осы мағынада топонимдер (жер-су, елді
мекен, халықтар аттары) тарих, этнология, археология және тіл біліміне
нақтылы мағлұмат береді. 
Топоним тіл тарихын (тарихи лексико-семантик., лексико-грамматик.,
диалектол., этим.) зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені
кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер)
архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол
аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді.
Тіпті бір құбылысқа байланысты қойылған атаулар, сол құбылыс жоғалған
уақытта да сақталатын жағдайлар көп. 
Мысалы, орман жоқ жерде Залесье деген атау, жол қиылыстары жоқ
жерде Перекрестье деген атаулар кеңінен кездеседі.
Географиялық атаулар тұрақтылығының басты себебі - бұл топоним
болған сөз өзінің топоним болмағандағы мағынасымен ассоциативті
байланыстарын біртіндеп жоғалуы. Енді топоним белгілі нысанды
сипаттау үшін емес, белгілеп атау үшін қолднылады. Болашақта топоним
оның негізгі белгілері өзгерген кезде де географиялық нысан бар болғанша
сақталады.
Қазақстанның топонимиялық жүйесі – осы аумақты мекендеген
халықтардың, соның ішінде қазақ халқының заттық және рухани
мәдениетінің ғасырлар бойы жинақталып, сақталып қалған көрінісі. 
15


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өткен замандардың реликтілік мұралары ретінде тарихи топонимдер
аумақтың табиғат жағдайларын, ондағы мемлекеттер мен халықтардың
тарихындағы маңызды оқиғаларды “жадында” сақтап, қаз қалпында бүгінгі
күнге жеткізіп отыр. 
Сондықтан топонимдерді диахрондық бағытта зерттеуге топонимист
ғалымдар ерекше маңыз берген. Кез келген қоғамның материалдық негізі
қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы мен қоғамның рухани келбетін
анықтаған. 
Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық
атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі
түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география “топонимиканың бесігінің
жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды”.
Топонимдерді зерттеуде жергілікті тарихи деректерге сүйену атаулардың
семантикасы мен этимологиясына қатысты құнды мәліметтер бере алады.
Бетпақдалада Кескентерек деп аталатын кішігірім төбе бар. 
Мағыналық жағынан талдасақ, осы атаудың негізінде “кесілген терек”
деген сөз тіркесі жатқан сияқты. Бірақ, тарихи деректерге үңілсек, XVIII ғ.
соңында осы өңірді жайлаған арғын руының атақты байы Убәнәстің
жалғыз ұлы Кескентеректі аңшылық кезінде өзінің бүркіті өлтірген екен.
Оның денесі сол маңдағы төбенің басында жерленіп, сол кезден бастап
төбе Кескентерек деп аталады. 
Осылайша, төбе атауының терекке ешқандай қатысы жоқ екендігі тарихи
деректер негізінде дәлелденеді. Топонимдердің тарихи негіздерін
анықтауда тарихи жазба ескерткіштер, көне карталар, саяхатшылардың
жолжазбалары, мұрағат қорлары белгілі дәрежеде көмек бере алады. 
16


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет