Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті


бүртігіне,caruncula sublingualis, ашылатын төменгі жақсүйек асты түтігі



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
1 курс 2 ші сабаққа материалдар

бүртігіне,caruncula sublingualis, ашылатын төменгі жақсүйек асты түтігі, 
ductus submandibularis, шығады Бездің жақсүйек – тіласты бұлшықетінің 
астындағы бөлігі төменгі жақсүйектің ішкі бетімен жанасып жатып, 
сүйектегі аттас шұңқырды түзеді. Төменгі жақсүйекасты безінің төменгі 
бөлігі төменгі жақсүйектің астынан шығып тұрады, медиалды бөлігі тіласты - 
тіл бұлшықетімен жанасып жатады. 
Төменгі жақсүйекасты безінің тамырлары мен нервтері.  Безді бет 
артериясы қанмен қамтамасыздандырады. Веналық қан, бет венасы арқылы 
шығады. Лимфа тамырлары, төменгі жақсүйек астылық лимфа түйіндеріне 
құйылады. Н е р в т е н у і: сезімтал нервтенуі – тіл нерві; парасимпатикалық 
нервтенуі – бет нервісінің тармағы дабыл ішегінің құрамында төменгі 
жақсүйекасты түйініне келеді. Түйіннен парасимпатикалық түйіннен кейінгі 
тармақтар шығады да, безді нервтендіреді. Бездің симпатикалық нервтері - 
сыртқы ұйқы өрімі мен бет өрімінің құрамында келеді. 
Сыртқы мұрын, мұрын қуысы: құрылысы, топографиясы. Мұрын 
жанындағы қойнаулар, мұрын қуысымен байланысы. 
 
1. Мұрын аймағының құрылысы (Regio nasalis) 
Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) тыныс алу жолдарынан 
құралған, ал олар өз ретінде қуыс көлемінің біркелкілігі 
қабырғаларындағы шеміршектік немесе сүйектік тіндермен және өкпе 
арқылы қамтамасыз етілген түтіктер жүйесінің жиынтығы. 
Мұрын аймағына сыртқы мұрын және мұрын қуысы жатады. 
Сыртқы мұрын (nasus externus), мұрын қырына (dorsum nasi) 
жалғасатын мұрын ұшынан (apex nasi), мұрын түбірінен (radix nasi) 
және айналасы танаулармен (nares) шектелген мұрын қанаттарынан 
тұрады. 
Сыртқы мұрын сүйектік және шеміршектік тіндерден түзілген. 
Мұрын шеміршектері 
1) Мұрынның латералды шеміршегі (cartilage nasi lateralis) сыртқы 
мұрынның бүйір қабырғасын құрауға қатынасатын жұп шеміршек. 
2) Мұрын қанатының үлкен шеміршегі (cartilagо alaris major), 
танаулардың алдыңғы бүйір аймақтарын шектейтін жұп 
шеміршектер. 
3) Мұрын қанатының кіші шеміршектері (cartilage alaris minoris), 
мұрын қанатының үлкен шеміршегінің артында орналасқан. Кей 
кезде мұрын қанатының латеральді және үлкен шеміршектерінің 
аралығында мұрынның қосалқы шеміршектері (cartilagines nasals 
accessoriae) жатады. 
Сыртқы мұрынның сүйектік бөлігі жоғарғы жақсүйектердің 
маңдайлық өсінділерімен мұрын сүйектерінен құралған. 


МҰРЫН ҚУЫСЫ (cavitas nasi), мұрын қуысы мұрын қалқасымен, хаондар 
(choanae) арқылы жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен, ал танаулар арқылы 
сыртқы ортамен қатынасатын, салыстырмалы тепе-тең екі бөлікке бөлінген. 
Мұрын қалқасы, шеміршектік (pars cartilaginea) және жарғақтық (pars 
membranacea) тіндерден құралған қозғалмалы және қзғалыссыз сүйектік 
бөлімнен (pars osseа) түзілген. 
Мұрын қуысында үстінен мұрын қуысының табалдырығымен (limen nasi) 
шектелген мұрын кіреберісі (vestibulum nasi) бар. Мұрын жолдары мұрын 
қуысының ауқымды бөлігін алып жатыр және олар мұрын жанындағы 
қойнаулармен (sinus paranasales) қатынасады. 
Мұрын қуысында, аттас мұрын қалқандарының астында орналасқан жоғарғы, 
ортаңғы және төменгі мұрын жолдарын айырады. Жоғарғы мұрын 
қалқанының артында сынатәрізді қойнауға ашылатын сына-торлық ұңғыл 
(recessus sphenoethmoidalis) жатыр. Жоғарғы мұрын жолы торлы сүйектің 
артқы ұяшықтарымен қатынасады. 
Ортаңғы мұрын жолы торлы сүйек құйғышы (infindibulum) арқылы маңдай 
және жоғарғы жақсүйек қойнаулары, алдыңғы және ортаңғы торлы сүйек 
ұяшықтарымен қатынасады.


МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ (tunica mucosa nasi), тыныс 
алу аймағы (regio respiratoria) және иіс сезу аймағы (regio olfactoria) тұрады. 
Тыныс алу аймағының шырышты қабығы кірпікті эпителиймен жабылған
сірлі және шырышты бездері бар. Төменгі мұрын қалқанының шырышты 
қабығы мен шырыш астылық негізі веналық қантамырларға бай, олар 
қалқандардың үңгірлік веналық өрімдерін түзеді. Мұрын қуысының 
шырышты қабығы көз және жоғарғы жақсүйек артерияларымен қанмен 
қамтамасыз етілсе, веналық ағым қанаттәрізді өрімге құяды. Лимфа ағымы 
төменгі жақсүйек пен иек лимфа түйіндеріне барады. Мұрын-кірпіктік және 
жоғарғы жақсүйектік нервтермен нервтенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет