3
) Таңдай пердесін көтеретін бұлшықет, m.levator veli palatini, самай сүйек
пирамидасының төменгі бетінен, есту түтігінің
шеміршекті бөлігінен
басталып, жұмсақ таңдайға енеді.
Қызметі:
жұмсақ таңдайды көтереді және
есту түтігінің жұтқыншақтық тесігін тарылтады.
4)
Таңдай пердесін керетін бұлшықет, m.tensor veli palatini, есту түтігінің
шеміршекті бөлігінен басталып, төмен жүреді де
қанаттәрізді өсіндінің
ілмегін медиалды бағытта айналып өтіп, таңдай апоневрозына бекиді.
Қызметі:
таңдай пердесін кереді, есту түтігінің жұтқыншақтық тесігін
кенейтеді.
5
) Тілшік бұлшықеті, m.uvulae, жұмсақ таңдайдың апоневрозынан басталып,
тілшікті түзеді.
Қызметі:
тілшікті жоғары көтеріп қысқартады.
Достарыңызбен бөлісу: