өлгендей (бәрі бір мезетте) қырылып қалады. Сосын Аллаһтың пайғамбары Иса мен оның жолдастары жерге түседі. Олар (Яжуж-Мажуждердің) мәйіттері мен сасық иістері жайламаған бір қарыс жер таппайды. Исамен бірге болғандар осы жағымсыз нәрседен арылтуын сұрап Аллаһқа дұға қылады. Аллаһ жерге түйенің мойны секілді алып құстар жібереді. Олар келіп өлекселерді көтеріп алып, ұшып отырып, Аллаһ қалаған жерге апарып тастайды», – деген
1
.
Басқа риуаятта: «...олардың соңғы лектері өтіп бара жатып: «Мына жерде су болған екен», – деседі. Құдыстағы Хамр тауына дейін барады. Сосын олар: «Біз жер бетіндегілерді өлтірдік, енді көктегіні өлтіреміз!» – деп садақтарымен көкке қарай атады. Сонда оқтардың ұштары төбеден қанға малынып түседі», – деген
2
.
в) Яжуж-Мажуж қырылғаннан кейінгі оқиғалар Олардың өлекселерін құстар алып кеткеннен кейін де жер беті
сасып тұрады. Сонда мұсылмандар Аллаһқа жалбарынып, дұға
қылады. Аллаһ олардың дұғасын қабыл алып, жаңбыр
жаудырады. Ол жаңбыр барлық жерге жетіп, жер бетін айнадай
етіп тазартады. Осылайша, жер беті Яжуж-Мажужден тазарады.
Жер бетінде бейбітшілік орнап, молшылық пен береке келеді.
Жан-жануар
көбейіп,
жерден Адамның
(аләйһис-сәләм)
кезіндегідей түрлі дәнді дақылдар, көкөністер шығады. Иса
мұсылмандарға басшылық етуімен бірге, жер бетінде тыныштық
орнатады.
Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Сосын Аллаһ одан ешбір балшық және киіз үй сау қалмайтын бір жаңбыр жібереді. Ол 1
Муслим.
2
Муслим.