Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет146/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Сондай-ақ осы жер жарылып, адамдардың қалай шығатыны 
жайында Құран Кәрімде: «Ол сондай Аллаһ рақымының (яғни 
жаңбырдың) алдын ала желдерді қуантушы етіп жібереді. 
Ауыр бұлттарды көтерген бойда өлі бір елге жіберіп, сонда ол 
арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен әртүрлі жемістерді 
шығарамыз. Осылайша, өліктерді де тірілтеміз. Әрине, үгіт 
аларсыңдар»
1
, – деп баяндалған. 
Сонда адамдар қабірлерінен түрегеледі. Олар өзара: «Әттеген-
ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» – деседі. (Оларға) 
«Бұл – Мейірімді Аллаһтың уәдесі. Пайғамбарлар да шын 
айтқан», – (делінеді)»
2

 
Барша мақлұқаттың бір жерге жиналуы 
Аллаһ тағала Қиямет күнін «жиналу күні» деп атап, Өзінің 
кітабында: «Ол – адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол 
– әзір болатын бір күн»
3
, – деген. 
Бұл 
орында 
әуелгілер 
мен 
кейінгілердің 
барлығы 
жиналатынын сипаттап: «Сөзсіз, бұрынғылар да соңғылар да, 
әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады», – деп айт»
4
, – 
деген. 
Жаратылыс бастау алғаннан бері дүниеге келген әрбір мақлұқ 
махшарға келеді. Яғни ол мақлұқ ғарышта өлсе де, жердің ең 
шұқыр жеріне түсіп кетсе де, жыртқыш аң-құс жесе де, теңізге 
батып өлсе де (қайда болса да), махшарға келтіріледі. Аллаһ оны 
қайта тірілтуге Құдіретті. Бұл жайлы Аллаһ тағала: «Қайда 
1
«Ағраф» сүресі, 57-аят. 
2
«Ясин» сүресі, 52-аят. 
3
«Һуд» сүресі, 103-аят. 
4
«Уақиға» сүресі, 49-50 аяттар. 


166
 
 
болсаңдар да, Аллаһ барлығыңды бір орынға келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет