Ақырет өткелдері


Күдіксіз, Аллаһтың әр нәрсеге құдіреті жетеді»



Pdf көрінісі
бет147/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

Күдіксіз, Аллаһтың әр нәрсеге құдіреті жетеді»
1
, – деген. 
Сонымен қатар Аллаһ тағала олардың ешбірін ұмытпайды әрі 
таба алмай да қалмайды. Өйткені Құранда: «Көктер мен жердегі 
әркім Аллаһқа ғана құл болып келеді. Расында, Аллаһ 
оларды түгендеп бір-бірлеп санын біледі. Сондай-ақ олардың 
барлығы Оған жеке-жеке келеді»
2

«Және де олардан (яғни адам баласынан) ешкімді тастамай 
жинаймыз»
3
, – делінген.
Жоғарыда келген аяттардан Аллаһ тағаланың адамдар
жындар, періштелер мен жануарлар санатындағы барша 
мақлұқтарды жинайтынын ұғамыз. Сондай-ақ жануарларға 
қатысты төмендегі аяттарда да: «Жан-жануарлар жиналған 
сәтте»
4

«Жердегі жүрген жәндік және қанатымен ұшқан құс – 
сендер сияқты топтықтар
5
. Жазуда еш нәрседен кенде 
етпедік. Сонан соң олар Раббыларының алдына жиналады»
6

– деп айтылған. 
Адамдардың жиналу сипаты 
Адамдар махшарға жалаңаш, жалаңаяқ, сүндеттелмеген күйде 
жиналады. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят 
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, сендер (сол күні) 
жалаңаяқ, жалаңаш, сүндеттелмеген халде жиналасыңдар»
1
«Бақара» сүресі, 148-аят. 
2
«Мәриям» сүресі, 93-95 аяттар. 
3
«Кәһф» сүресі, 47-аят. 
4
«Тәкуир» сүресі, 5-аят. 
5
Яғни жаратылуда, қоректенуде, өмір сүруде және өлімде т.б. 
6
«Әнғам» сүресі, 38-аят. 


167
 
 
– деп: «Әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл – Бізге бір 
міндет. Шынында, Біз орындаймыз»
1
, – деген аятты оқыған. 
Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) бұл сөзді естіген 
кезде: «Уа, Аллаһтың елшісі! Еркек-әйелдің барлығы (сол кезде) 
бір-біріне қарайды ма?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет