Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет166/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
де», – деп жауап береді. Періште оларға: «Сендер өздеріңе үкім 
шығардыңдар!» – дейді. Яғни тән рухқа көлік сияқты», – деген
1

7) Сол кезде кәпірлер өздеріне ашуланады. Ол туралы Аллаһ 
тағала: «Расында, сондай қарсы болғандарға: «Аллаһтың 
ашуы сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені сендер 
иманға шақырылған кезде қарсы болдыңдар», – деп 
дыбысталады»
2
, – деп айтқан. 
Сол сияқты өздеріне дүниеде дос болғандарға ашуланып
оларға қарсы дұға қылып, Аллаһтан оларға азапты күшейтуін 
сұрайды. Ол жайлы Аллаһ тағала: «Олардың беттері от ішінде 
аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа 
бойсұнып, Елшісіне көнген болсақ еді», – дейді. «Раббымыз! 
Басшыларымызға, үлкендерімізге бойсұндық та бізді солар 
адастырды. Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және 
оларды мейіріміңнен мүлде аулақ қыл!» – дейді»
3
, – деген. 
Өздерін 
адастырғандарға 
ашуланатыны 
соншалық, 
аяқтарымен таптау үшін Аллаһтан оларды көрсетуді сұрайды. Ол 
жайлы Аллаһ тағала:
«Қарсы болғандар: «Раббымыз! Жыннан да адамдардан да 
бізді адастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың 
астына салайық. Ең төмендегілерден болсын!» – дейді»
4
, – 
деген. 
Сөйтіп, кәпірлердің барлығы тозаққа кірген кезде бірін-бірі 
қарғап, азаптарының артуын тілеп, бақырып-шақырып жатады. 
Бұл жайында Құран Кәрімде: «(Аллаһ): «Сендерден бұрынғы 
өткен тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер!» 
– дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте өз туысын (алдындағы 
жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары 
1
Ибн Кәсир. 
2
«Ғафыр» сүресі, 10-аят. 
3
«Ахзаб» сүресі, 66-68 аяттар. 
4
«Фуссиләт» сүресі, 29-аят. 


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет