жасырынса, Қиямет күні Аллаһ оның кемтарлығынан,
қажеттілігінен,
кедейлігінен,
кембағалдығынан
жасырынады», – деген
1
.
Оныншы: Жетіп тұрса да, алақан жаюшы
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім (мал-дүниесі) өзіне
жеткілікті бола тұра, қайыр сұраса, сұраған нәрсесі Қиямет
күні келіп бетін тырнайды», – деп айтқан. Сонда сахабалар:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Оған не жеткілікті болады?» – деп
сұрайды. Сонда: «Елу дирһам немесе соның құнындай алтын»,
– депті
2
.
Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «(Мал-дүниесі) жеткілікті адамның
қайыр сұрауы Қиямет күні оның жүзін қарайтады», – деген
3
.
Он бірінші: Құбылаға қарап түкіретін адам
Хузайфа ибн әл-Яман (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім құбылаға қарап түкірсе,
Қиямет күні түкірігі екі көзінің арасында болған күйі келеді»,
– дейді
4
.
Он екінші: Жалған түс айтатындар
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім түсінде көрмегенді
көрдім десе, оған (Қиямет күні) арпаның екі дәнін түйіндеп
байлау жүктеледі. Ол оны ешқашан істей алмайды.
(Өзгелердің) естуін қаламаған адамдардың әңгімесін тыңдаған
1
Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ.
2
Әбу Дауд, ән-Нәсәи және әт-Тирмизи.
3
Ахмад.
4
Әбу Дауд, Ибн Хиббан.
194
Достарыңызбен бөлісу: |