Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет173/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

басшысында болмай ма?!» – деген
4

1
Әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ. 
2
Әл-Бұхари, Муслим. 
3
Муслим. 
4
Муслим. 


192
 
 
Алтыншы: Олжадан жымқырушы 
Соғыс кезінде түскен олжа бөлінбей жатып, одан жасырын 
ұрлап алған адам Қиямет күні барша халықтың алдында масқара 
болады. Ол жайлы Аллаһ тағала: «Ал егер кім олжаға қиянат 
істесе, Қиямет күні қиянат істеген нәрсесімен келеді. Содан 
соң әркімнің еңбегі толық беріледі. Сондай-ақ олар 
зұлымдыққа ұшырамайды»
1
, – деген. 
Жетінші: Біреудің жерін тартып алғандар 
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят 
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кім нақақтан (біреудің) 
жерінің бір бөлігін алса, Қиямет күні жердің жетінші 
қабатына жұтылады», – деген
2

Сегізінші: Екіжүзділер 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні біреулерге бір жүзде 
барып, енді біреулерге басқа бір жүзде келетін екіжүздіні ең 
жаман адамдардан көресіңдер», – деген
3

Аммар ибн Ясир (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімнің дүниеде екі жүзі болса, 
Қиямет күні оның тілі оттан болады», – дейді
4

Тоғызыншы: Қарамағындағылардан жасырынатын басшылар 
Әбу Мәриям әл-Әзди (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім мұсылмандардың бір 
ісіне басшы болып, сосын олардың кемтарлықтарынан
қажеттіліктерінен, кедейліктерінен, кембағалдықтарынан 
1
«Әлі Имран» сүресі, 161-аят. 
2
Әл-Бұхари. 
3
Әл-Бұхари, Муслим. 
4
Әбу Дауд. 


193


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет