191
Төртінші: Нығметтерге бөленген бай-манаптар
Көңілдері мал-дүниеге ауып,
нығметтерге шектен тыс
берілгендер Қиямет күні таршылық көреді. Дүниеде үнемі тойып
жүргендер Ақыретте ұзақ уақыт аш болады.
Пайғамбар (с.а.с.) сахабалардың біріне:
«Біздің алдымызда
кекірік атуыңды тоқтат! Шын мәнінде, дүниеде үнемі тойып
жүргендер Қиямет күні ұзақ (уақыт)
аш болады», – деген
1
.
Сол сияқты мал-дүниесі
көп адам егер оны игі жолға
жұмсамаса, Қиямет күні сауабы ең аз адам болады.
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«(Мал-дүниені)
көбейтетіндер – Қиямет
күні аз сауапқа ие болатындар. Тек Аллаһ тағала игілік беріп,
ол оны оңға-солға, алды мен арқа жағына таратып, ол
(байлықпен)
игілік істесе ғана (олай болмайды)
», – деген
2
.
Бесінші: Қиянатшылдар
Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Қиямет күні Аллаһ тағала
әуелгілер мен соңғыларды жинағанда, әрбір қиянатшы үшін
бір байрақ көтеріледі де: «Мынау – пәленше ұлы пәленшенің
қиянаты!» – деп айтылады», – деген
3
.
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Қиямет күні әрбір қиянатшыда бір
байрақтан болады. Ол оның қиянатының шамасына
(үлкендігіне)
қарай көтеріледі. Ең үлкен қиянат халықтың
Достарыңызбен бөлісу: