– Аллаһтың шапағат етушіге рұқсат беруі. Аллаһ тағала:
«Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?» 1 –
деген.
– Шапағат етілушіге Аллаһтың разы болуы. Аллаһ тағала:
«Олар Аллаһтың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады» 2 , – деген.
Сол үшін де Аллаһтың сүйікті пайғамбары Ибраһим (аләйһис-
сәләм) өз әкесіне шапағат еткенде, одан қабыл болмайды.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні Ибраһим әкесі Азарды кездестіреді. Азардың жүзі қарайып, шаң басқан болады. Ибраһим оған: «Маған қарсы келме деп айтпап па едім саған?» – дейді. Әкесі: «Енді бүгін саған қарсы келмеймін», – дейді. Ибраһим: «Уа, Раббым! Расында, Сен қайта тірілер күні мені қорламауға уәде бергенсің, енді алыстатылған әкемнен асқан қандай қорлық бар?» 3 – дейді. Аллаһ тағала: «Расында, Мен жаннатты кәпірлерге харам еткенмін», – дейді. Сосын: «Ей, Ибраһим! Екі аяғыңның астындағы не?» – делінеді. (Ибраһим) қараса, қанға бөккен қорқау жатыр екен. Оны аяқтарынан ұстап тозаққа лақтырады», – деген
4
.
Осылайша, Ибраһимнің әкесі қорқау қасқырға айналып,
кәпірлік танытқаны үшін отқа тасталады. Аллаһ разы болмаса,
Оның кешірім жасауы үшін тіпті пайғамбардың әкесіне ара түсуі
де жеткіліксіз. Сөйтіп, Ибраһим әкесінен бойын аулақ салады.
1
«Бақара» сүресі, 255-аят.
2
«Әнбия» сүресі, 28-аят.
3
Бұл жерде Ибраһим (аләйһис-сәләм) әкесінің Аллаһтың мейірімінен
алыстатылғаны, басқаша айтқанда, мәңгілік азапта лағынетке ұшыраған
түрде қалатыны өзі үшін ең ауыр қорлық деп есептеген.
4
Әл-Бұхари.