Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет175/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
адамның құлағына еріген қорғасын құйылады. Кімде-кім (жаны 
бар нәрсенің) суретін салса, оған жан беруі жүктеліп, 
азапталады. Ол оған ешқашан жан кіргізе алмайды», – деген
1

б) Ізгі тақуалардың жағдайы 
Бірінші: Қияметте адамдарды үрей билегенде, еш қорқыныш 
сезбейтін адамдар 
Олар – Аллаһқа иман келтіріп, Оған қалтқысыз бойсұнған
осылай Аллаһ тағалаға жақын болған адамдар. Оларды 
періштелер күтіп алып сүйіншілейді. Олар жайлы Аллаһ тағала: 
«Күдіксіз, өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан 
аулақ болады. Олар тозақтың дыбысын да естімейді. Сондай-
ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерде мәңгі 
қалады. Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да 
оларды періштелер: «Міне, бұл – сендерге уәде етілген күн!» – 
деп қарсы алады»
2
, – деген. 
Екінші: Аллаһтың көлеңкесін саялайтындар 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ Өзінің саясынан басқа көлеңке 
болмайтын күні жеті (адамды) Өз саясында көлеңкелетеді. 
(Олар): әділетті басшы, Раббысының ғибадатында өскен жас 
жігіт, жүрегі мешітке байланған кісі, Аллаһ үшін бір-бірін 
жақсы көріп, сол үшін бас қосып, сол үшін айырылған екі кісі, 
мансапты, сұлу бір әйел (зина жасауға) шақырғанда «Мен 
Аллаһтан қорқамын» деген кісі, садақа беріп, оны сол қолы оң 
қолының жұмсағанын білмейтіндей дәрежеде жасырған кісі 
1
Әл-Бұхари. 
2
«Әнбия» сүресі, 101-103 аяттар. 


195
 
 
және оңашада Аллаһты еске алып көз жасын төккен жан», – 
деген
1

Үшінші: Мұсылман бауырларына көмектескендер 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім бір мүмінді бұл дүниенің қайғы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет