Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет74/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
онда жас, нұрланған, ләззаттарымен рақаттанған күйде. Ей, ертең 
қабірге түсуші! Сені дүниеде не алдады? Өзіңнің қалар-
қалмасыңды білесің бе? Зәулім үйің, дәмді жемістерің, мақпал 
киімдерің қайда? Хош иісің мен аңқыған жұпарың қайда? Қысқы 
және жазғы киімдерің қайда? Көрмейсің бе?.. Әлбетте, сенен 
алдыңғыға да ақиқат әмірі келді! Ал ол өз-өзін қорғай алмады. 
Білмейсің бе, оның өлім арпалысында дөңбекшіп, таңдайы кеуіп 
қара терге түскенін... Оған көктен әмір келді, тағдыр келді және 
қаза келді. Қайтарылмайтын ажал әмірі келді! Қайдан?!. 
Ей, әке көзін жабушы! Ей, бауырыңның не балаңның көзін 
жапқан (жан)! Ей, мәйітті жуып, кебіндеуші! Ей, оны көтеріп, 
оңаша қабіріне тастап, артқа қайтушы! Жердің қаттылығында 
қалай болатыныңды, қай жағыңнан сынаққа алынатыныңды, қай 
көзіңнің бірінші ағатынын білсем ғой... 
Ей, апаттарға жақындаушы! Өлілердің мекеніне таядың. Өлім 
періштесі маған немен жолығатынын білсем еді?! Ертең 
дүниеден кетерімде және ол Раббымның тапсырмасынан нені 
әкелетінін білгенімде ғой!...» – деп еңіреп жылаған. Осыдан соң, 
Омар ибн Абдул-Азиз бір апта уақыт өтпестен дүниеден өтіпті. 
Алаңсыз ойнап-күлетіндей біздің ешқайсымыздың ертеңге 
дейін өмір сүрерімізге кепілдігіміз жоқ. Біз ертеңгі күніміздің 
өзін көрер-көрмесімізді білмейміз. Сондықтан әрбір адам 
әрдайым өлімге дайын жүруі керек! Өйткені оның бұйрық келген 
күні Раббысына жолығары хақ. 


83
 
 
IV БӨЛІМ 
ҚИЯМЕТАЛДЫ БЕЛГІЛЕР 
Әрбір жаратылыстың басталуына сай аяқталуы да бар. Қиямет 
күні келгенде ғасырлар бойы дамып, гүлденген жер-жаһанның 
қалыпты жүйесі құрдымға кетеді. Үрейленген адамдардың жан 
даусы шығады. Шынайы, нағыз мұсылмандар Қиямет күнін 
көрмейді. Себебі мейірімі мол, рақымын аямай төгетін Аллаһ 
тағала Өзіне иман келтірген барша мүмінге бұл күнді 
көрсетпейді. Қиямет келерден бұрын барлық мұсылмандар 
Аллаһтың қалауынша жан тапсырады. Яғни бұл күннің 
қорқынышы кәпірлер мен құдайсыздарға арналған... 
Аллаһ тағалаға иман келтірген әрбір пенде өзінің шынайы 
наным-сенімінде әрдайым бекем болуы үшін, Ақырет күніне 
үздіксіз дайындалып, бұл жалғанда пайдалы, сауапты іс-амалдар 
жасауын арттыра түсуі керек.
Қияметтің мерзімі мен оның жақын қалғандығы, сондай-ақ 
ойдан сөйлемейтін, шыншыл Пайғамбарымыз (с.а.с.) хабарлаған 
Қияметтің кіші және үлкен белгілері бұл бөлімнің таңғажайып 
тақырыбы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет