Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет79/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

а) Болып өткен белгілер 
1-белгі: Соңғы пайғамбарлықтың басталуы 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің ең соңғы, ақырзаман 
пайғамбары екенін айтқан. Одан кейін пайғамбар келмейді. Әнәс 
ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен және Қиямет мына екеуі сияқты 
болып жіберілдік», – деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын 
біріктіріп көрсеткен
1

2-белгі: Айдың жарылуы 
Мекке мүшріктері Пайғамбарымыздан (с.а.с.) сөздерін 
айғақтайтын мұғжиза көрсетуді талап еткен болатын. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтан жалбарынып сұрағанда, ай 
екіге бөлінген. Ол жайлы Құранда: «Қиямет жақындады, ай 
жарылды»
2
, – делінген. 
1
Әл-Бұхари, Муслим. 
2
«Қамар» сүресі, 1-аят. 


89
 
 
3-белгі: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүние салуы 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ауф ибн Мәликке (Аллаһ оған разы 
болсын): «Қияметтің алдында алты нәрсені сана: менің дүние 
салуымды, сосын Құдыстың қолға алынуын, сонан соң сендерді 
қойға қуғас
1
келгендей алатын ажалды, осыдан кейін мал-
дүниенің артуын, тіпті (сонда) бір кісіге жүз динар ұсынылса 
да, ол (азырқанғандықтан) ашуланып қалады, сонан соң 
фитнаны, ол кірмеген бірде-бір араб үйі қалмайды, содан кейін 
сендер мен сарылар әулетінің
2
арасында болатын бейбіт 
келісімді, сонда олар келісімді бұзып, сендерге әрқайсысының 
астында он екі мың (жауынгер) бар сексен тудың астында 
келеді», – деген
3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет