Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет73/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
тұрғындары қайда?! Олар дүниеде болмашы ғана күндер 
тұрақтамады ма? Дүние адамдарды саулықтарымен алдаса, ал 
олар өздерінің әрекетшілдіктерімен алданды. Солай күнәлар 
істеді. Аллаһпен ант етейін! Олар дүниеде мал-мүліктерінің көп 
болғандығынан, байлықтарымен шаттанды. Ал енді топырақ 
олардың денелеріне, құм тәндеріне, құрттар сүйектері мен 
жіліктеріне не істеді?! Олар дүниеде жайлы сәкілер мен жұмсақ 
төсектердің үстерінде, өздеріне құрақ ұшқан қызметкерлердің 
ортасында, құрмет тұтқан отбасының, ізет көрсеткен көршілердің 
арасында болды. 
Егер олардың (қабірлерінің) жандарынан өтсең, оларға 
дауыста, саптарынан жүр, мекендерінің бір-біріне жақындығына 
назар таста. Сөйтіп, оларға сұрақ қой! Олардың дәулетінен, 
байлығынан не қалғандығын, пақырлығынан, кедейлігінен не 
қалғандығын сұра! Олардың сөйлеген тілдері, қараған көздері 
жайлы сұра. Нәзік терілері, ажарлы келбеттері мен жұмсақ 
денелеріне құрттардың не істегендігін сұра. (Қабір) сұлулықты 
жойды, омыртқаларды сындырды, ішектерді ақтарды, еттерді 
жыртты. Ал оның күзетшілері мен жәрдемшілері қайда? 
Қызметшілері мен құлдары қайда? Жамағаты мен тобыры қайда? 
Аллаһпен ант етейін! Олар оған төсеніш те салмады, онда тіреу 
жасамады, ағаш отырғызбады. Олар оңаша мекендерде емес пе?! 
Оларға күн мен түннің айырмасы бірдей емес пе?! Олар өздері 
мен амалдарының арасын айырған, сүйіктілерді ажыратқан 
қараңғылықта емес пе?! Игілікте күн кешкен қаншама еркек пен 
әйелдің беттері іріді, тәндері мойнынан үзілді, жіліктері 
бөлшектеніп, көздері самай бойлап ақты, ауыздары қан мен іріңге 
толды. Жер жәндіктері тәндерінде жорғалап, дене мүшелерін 
ажыратты. Аллаһпен ант етейін! Содан азғана уақыт өтпей-ақ
олардың сүйектері шіріген күлге айналды. Олар бау-бақшалардан 
айырылды, кеңшіліктен таршылыққа тап болды. Мұрагерлер 
оның үйін және артында қалғанын бөліске салды. Бірақ Аллаһпен 
ант етейін! Олардың арасында қабірі кеңейтілгендері бар. Ол 


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет