Солардың бірінде, ол Пайғамбардан (с.а.с.): «Маған Қиямет жайлы хабар бер», – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Ол туралы сұралушы сұраушыдан жақсы білмейді», – деп жауап
берген. Яғни Қияметтің қашан келерінен Пайғамбарымыз да
(с.а.с.), Жәбірейіл де бейхабар болған. Десе де, Аллаһ тағала
Өзінің кітабы және соңғы Елшісі (с.а.с.) арқылы бізге Қияметтің
боларын білдіретін көптеген белгілер жайлы хабар берген. Бұл
белгілер бой көрсетпейінше, Қиямет келмейді. Осылай деуімізге,
ұлы сахабалардың бірі – Абдуллаһ ибн Масғудтың (Аллаһ оған
разы болсын) Куфа шаһарында үлкен дауыл тұрған кезде жасаған
нұсқауы дәйек болады. Бұл алапат дауыл бүкіл Куфаны аяғынан
тік тұрғызғаны сондай, тіпті кейбір адамдар: «Қиямет келді!» –
деседі. Сонда Ибн Масғуд: «Жоқ, мына-мына нәрселер орындалмайынша, Қиямет болмайды» – деп, оның белгілерін
айтып беріпті.
Қиямет күнінің жақын қалғандығы туралы Құранда Аллаһ тағала Қиямет күнінің тіптен жақын
қалғандығын ескерткен. Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
уақытында, Ақыретке иман келтіруден бас тартқан кәпірлерге,
мұғжиза
1
ретінде Жаратушының құдіретімен ай екіге бөлінеді.
Осы кезде Аллаһ тағаладан Пайғамбарға (с.а.с.): «Қиямет жақындады, ай жарылды» 2 , – деген уахи түскен.
Сондай-ақ Қиямет күнінің жақын қалғаны туралы Құран
Кәрімнің төмендегі аяттарында да сөз болады. Онда Аллаһ
тағала: «Адам баласының есеп беретін мезгілі таяды. Алайда олар қаперсіз бет бұруда» 3 ;
1
Аллаһ тағаланың пайғамбарларына берген олардың пайғамбар
екендігін дәлелдейтін ғажайып белгілері.
2
«Қамар» сүресі, 1-аят.
3
«Әнбия» сүресі, 1-аят.