Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет77/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
«Олар оны алыс деп санайды, Біз болсақ оның жақын 
екендігін көреміз»
1

«Аллаһтың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін 
тілемеңдер. Аллаһ олардың қосқан ширктерінен (серік 
қосуларынан) Пәк әрі Жоғары!»
2
– деген. 
Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қияметтің жақын екенін сипаттап: 
«Шын мәнінде, сендердің мерзімдерің – сендердің алдарыңда 
өткен үмбеттермен салыстырғанда аср намазынан күн 
батқанға дейін(гі аралықта) ғана», – деген
3

Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен және Қиямет мына 
екеуі сияқты болып жіберілдік», – деп сұқ саусағы мен ортаңғы 
саусағын біріктіріп көрсеткен
4
.
Қияметке дейінгі өткен уақыттың мөлшері сұқ саусақтың 
ұзындығындай болса, ал қалған уақыт сұқ саусақтан асып тұрған 
ортаңғы саусақтың жоғарғы бөлігіндей ғана. Хадисте айқын 
айтылып тұрғандай, заманның басым көпшілігі өтті. 
Қиямет күнінің белгілері 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне жүктелген аманатты үмбетіне 
толық тапсырып, өзі білген ілімнің ешбірін олардан жасырып 
қалмады. Сонымен қатар ол (с.а.с.) Қиямет жайлы да бізге егжей-
тегжейлі баяндаған. Сахабалардың бірі Әбу Зәйд Амр ибн Ахтаб 
(Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізбен бірге таң 
намазын оқыды. Сосын мінберге көтерілді. Сөйтіп, бесін 
келгенге дейін бізге құтпа жасады. Содан соң түсіп намаз 
оқыды. Кейін қайтадан мінберге көтерілді де, аср намазы 
келгенге дейін бізге құтпа жасады. Содан соң, түсіп намаз 
1
«Мағариж» сүресі, 6-7 аяттар. 
2
«Нахл» сүресі, 1-аят. 
3
Әл-Бұхари. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет