ә) Болып өткен және қазір де болып жатқан белгілер немесе бір рет болып өтіп, сосын қайталанатын белгілер 7-белгі: Мұсылмандардың байлығы тасып, садақа алар ешкімнің болмай қалуы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ауф ибн Мәликке (Аллаһ оған разы
болсын): «Қияметтің алдында алты нәрсені сана: ...сосын мал-дүниенің артуын, тіпті (сонда) бір кісіге жүз динар ұсынылса да, ол (азырқанғандықтан) ашуланып қалады...», – деп
айтқан.
Бұл мағынада басқа да көптеген хадистер келген, солардың
бірі Әбу Мұса (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адамдарға сондай бір заман келеді, сонда кісі алтыннан болған садақасымен (адамдар)арасында айналып жүріп, оны алатын ешкімді таба алмайды», – деген
1
.
Мүміндердің әділетті халифасы Омар ибн әл-Хаттабтың
(Аллаһ оған разы болсын) кезінде сол кездегі ең ірі екі мемлекет
– Парсы патшалығы мен Рим империясының байлықтары
мұсылмандардың қолына өткен.
Мұсылмандардың тағы бір әділетті әміршісі Омар ибн Абдул-
Азиздың (Аллаһ оған рақым етсін) тұсында садақа алатын адам
табылмай қалған-ды. Сол сияқты Иса (аләйһис-сәләм) жерге
түсіп, имам Мәһди билік жүргізген кезде де осылай болады.
8-белгі: Фитналардың кең тарауы Фитна – араб тілінде «сынақ», «азғыру», «бүлік», «ылаң»,
«іріткі» т.б. мағыналарды білдіреді. Бұл жерде «бүлік», «ылаң»,
«іріткі» деген мағынада.
1
Муслим.
92
Жоғарыда
келген
хадисте
Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Қияметтің алдында алты нәрсені сана: ...сосын фитнаны, ол