4-белгі: Құдыстың қолға алынуы
Жоғарыда келген «Қияметтің алдында алты нәрсені сана»
деп басталатын хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «...сосын
Құдыстың қолға алынуын...», – деген.
Бұл Омар ибн әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) кезінде
һижраның 16-жылы жүзеге асқан.
5-белгі: Амуастағы оба ауруы
Жоғарыда келген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «...сосын
сендерді қойға қуғас келгендей алатын ажалды...», – деген.
Бұл жерде оба ауруының таралуы айтылған. Індет Омар ибн
әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) тұсында һижраның 18-
1
Малдың мұрнынан су сорғалауымен басталып, оларды жаппай
қырғынға ұшырататын індеттің түрі.
2
Яғни еуропалықтардың.
3
Әл-Бұхари.
90
жылы Палестинадағы Амуас елді мекенінен шығып, бүкіл Шам
жеріне тараған. Мұның нәтижесінде жиырма бес мың адам
қырылған. Солардың ішінде белгілі сахаба Әбу Убайда ибн
Жаррах (Аллаһ оған разы болсын) та бар еді.
6-белгі: Хижаздан оттың шығуы
Сондай-ақ Қияметтің ең елеулі кіші белгілерінің бірі – Хижаз
өрті. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Хижаз жерінде өрт шыққанға
дейін Қиямет келмейді. (Бұл өрт) Бусрадағы
1
түйелердің
мойындарын жарық етеді», – деген
2
.
Яғни Хижазда болған өрттің жарығы Шамға дейін жетеді
деген. Бұл өрт һижраның 654-жылы болған. Оның жай-жапсарын
белгілі тарихшы Ибн Кәсир, ғұлама имам Шиһабуддин Әбу
Һишәм әл-Мақдиси және имам ән-Науауи сияқты ғұламалар
кітаптарында келтіреді.
1
Бусра – Араб жартыаралы мен Шамның тоғысқан жеріндегі мекеннің
аты.
2
Әл-Бұхари, Муслим.
|